Құрал Көмек

Өмірдерек


Көмек Құрал 1958 жылы, 23 қазанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Бұрынғы В.И.Ленин атындағы № 29 он жылдық мектебін, қазіргі № 51 Төле би атындағы мектепті 1976 жылы бітірген. Екі бірдей жоғары оқу орындарын мәмамдаған. (Қостанай ауыл шаруашылық институты мен Қ.А. Иасауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік университеті).
1981-1983 жылдары Кеңестер одағының әскери қызметінде болған. 1983-1988 жылдары аралығында ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқарған. 1989 жылдан бастап мектеп аралық оқу бірлестігіне ұстаздық қызметіне ауысып, осы мекеменің басшысы болып сайланған.
Қазақстан Республикасының білім беру саласының құрметті азаматы, «Бір өлең – бір сурет» конкурсының, «Темірқазық түнгі кітапхана» әдеби клубтарының идеялық авторы. «Ой туындылар» фестивалінің бірінші деңгейдегі жүлдегері. 2013 жылы Түркияда поэмасы Халықаралық Физули атындағы сыйлықты жеңіп алды. 2013 жылдың «Үздік ақыны» номинациясының иегері атанған.
Шығармалары ағылшын, орыс, түрік тілдеріне аударылған.
Құрал Көмекұлы – ақиқат шындықты бейнелі поэзия тілімен жырлауда өлең көкжиегінен көрініп жүрген ақын. Ол 1958 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Жас Алаш» газеттерінде және жергілікті басылымдарда жарияланып жүр. Жақында оның «Бөрілерге гипотеза» атты жаңа жыр жинағы қолыма тиді. Ақынның үшінші топтамасында қоғамдағы көкейтесті мәселелер мен сезім махаббат тақырыбы поэзия тілімен суреттелген.
Әдетте, Құрал ақынның өлеңдері жүрек түкпірінен шыққан адамзат үнімен үндесіп жатады. Жалғыз ауыз сөзбен-ақ тарихта қалған ақындарды бағалайтын ол:
«Жаралғанда жалын жырлар жақұттан,
Шерім менің шөлін басқан шабыттан.
Жалғыз шумақ өлеңменен өмірдің,
Төсіндегі түймелерін ағытқам», - деп, өзі де поэзия әлемінде осы заңдылыққа бағынғысы келіп тұрады. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Президент сыйлығының иегері, ақын Сабыр Адай Құралдың жырлары туралы «Өлеңдері өзіндік өрнектерімен, Құрал ақынға тән бөлек стилімен ерекшеленеді. Өмірді өлеңмен оятқан ақын пәлсапасы да адамды ойландырмай қоймайды» дейді. Ақын туралы ақыннан артық ешкім айта алмас.