Құрал Көмек

Туындылары


ДӘРУМЕНДЕР


Дәрумен А-ны біліп ал,
Көзді, теріні сақтайды.
Жұмыртқа, сүтте болады ол,
Асымыз онсыз батпайды.

Дәрумен В-да емдейді,
Жүрекпен бірге жүйкені.
Ұннан піскен нанында ол,
Фасоль мен бұршақ мекені.

Қырыққабаттан табылған,
С дәруменді мақтайды.
Қарақат және көк жуа,
Сүйек пен тісті сақтайды.

Е дәрумен де реттеген,
Жүректе жүрген қадамды.
Өсімдік майын жесеңіз,
Қартайтқан емес адамды.

Кальций мен фосфор ерекше,
Денсаулығы халықтың.
Д дәрумендер табылар,
Бауырынан балықтың.