Туындылары
АБЫЛАЙ ХАН
Қалмақты да қайтарған,
Жоңғарды да жайратқан.
Мойындатып Цинь елін,
Жеңілмеген Ойраттан.
Қоқаның да қорыққан,
Шүршітің де торыққан.
Түсірмеген қолынан,
Жеңіс туын жорықтан.
Ол айбынды жан болған,
Дұшпандары таң болған.
Айтып берші алыпты,
Үш алашқа хан болған.
(Абылай хан)