Құрал Көмек

Туындылары


АЯЛА


Аяла мені, аяла,
Сағынып келсем саяңа.
Көктемсіз мына ағаштар,
Бүршігін күліп жая ма?

Мұңайма, енді мұңайма,
Мұңдарға жүрек шыдай ма?
Аққудай бірге ұшайық
Шомылып шуақ-арайға.

Аязға мені тоңдырма,
Бөгденің кұсын қондырма.
Қатігез тағдыр жолына,
Сұранам, жалғыз қалдырма.

Шағалам, менің шағалам,
Шағынам, саған шағынам.
Аңсатты шуақ ағыны,
Сағынам, сені сағынам.