Құрал Көмек

Туындылары


ЖЫРЛАУ ҮШІН КЕЛЕМІН


Келсе көктем алаулағын бүр атқын,
Гүлді сүйген күндей болып ұнатқын.
Жұбатамын десен егер сен мені,
Шындық сөзін айтып тұрып жұбатқын.

Досым десең күліп тұрып қарсы алғын,
Жапыраққа уайым білсең бар салқын.
Қуантамын десең егер сен мені,
Көк аспандай сыр ақтаршы ақжарқын.

Тереңдерді тебірентіп келтіргін,
Сонда ғана туар бізге мөлдір күн.
Маған деген болса сенде сағыныш,
Өлшеуі жоқ шексіздікпен білдіргін.

Алдымыздан күліп шықса жарқын күн,
Шаттығыңмен шырайланып шалқығын.
Тебірентем десең мені теңіздей,
Қайталанбас толқындай боп толқығын.

Маған солай ой сыйлағын тереңнен,
Сонда ғана от сезімге енем мен.
Таудан түскен тасқындай боп асығып,
Сонын бәрін жырлау үшін келем мен.

2009 жыл