Құрал Көмек

Туындылары


ӨРТІҢ ҚАНДАЙ О, ӨМІР!


Бәрін-бәрін мен өзімнен көрермін,
Сәті келсе бәрін айтып берермін.
Зиратында бабалардың сарғайған,
Жерге сіңген сезіледі нелер мұң.

Қасымда жүр көлеңке боп нелер мін,
Шақырсаңдар назымды айтып келермін.
Дертің қандай, өртің қандай о, өмір!
Тулап, тулап жусағында көнермін.

Өмір сені өкінгенде білермін,
Аз күнімді көп күн етіп сүрермін.
Жерге көміп тастағанда көрсетпей,
Тәнім қалып жаным ұшып күлермін.

Жар түбіне жеткен кезде күлер мың,
Мазар жақта азат болып түлермін.
Қайдан келді мына ойлар адасып,
Шыдамдылық танытайын бірер күн.

2009 жыл