Құрал Көмек

Туындылары


АБЗАЛ АНАМА


Кермек тартып теңіздейін төккен тер,
Шыққан тауың, жүрген жолың неткен өр.
Соның бәрін маған арнап өтіпсің.
Анажаным пейішіңде көктей бер.

Тағдырыңның шуақтарын аз көріп,
Ызғарларға қарсы тұрдың жаз болып.
Соның бәрін сездірместен сен маған,
Күлсін депсің балақайың мәз болып.

Тас тірлігің басса дағы еңсені,
Жатырқамай қабылдарты төр сені.
Қарлығаштай таңдайыма су сеуіп,
Еркін өссін деп өтіпсің сен мені.

Берсін дедің бәрінің де ақырын,
Талайларды таңқалдырып ақырын.
Тауқыметті көтеріпсің нар болып,
Дұшпан түгіл көре алмайтын жақынын.

Ерліктерге еліттіріп санамды,
Қанаттыға қақтырмапсың балаңды.
Уа, Мұхаммед пайғамбардың сұлтаны,
Періштеңмен демей жүрші анамды.

2008 жыл