Құрал Көмек

Туындылары


КЕЛІП ЕДІМ КҮЛЕМ ДЕП


Өмір атты өлкені мен мекендеп,
Бақыт іздеп жүргенімде жетем деп,
Зағип жанды көрдім дағы ойландым,
Менің көзім сонікі ме екен деп?

Менің өлкем құтты болған мекен деп,
Қиял кезем бақытты боп өтем деп.
Аяғы жоқ мүгедекке қарадым,
Аяқтарым сонікі ме екен деп?

Арманымды ұстамақ боп бекемдеп,
Алаңдаймын бақыт қайда екен деп.
Досты жерлеп, қабірінде қайғырдым,
Оның орны менікі ме екен деп.

Атқан таңға, шыққан күнге жетем деп,
Келе жатсам үміт үйін мекендеп,
Қолын жайған қайыршыны көремін
Теңгелерім сонікі ма екен деп.

Мен өмірге келіп едім күлем деп,
Жүрегімді берер енді кім емдеп?
Бекер екен менің мәз боп жүргенім,
Өзгелерден рахат өмір сүрем деп.

2009 жыл