Туындылары
ЕВРОСТАНДАРТ
Жаңа ғасырға бет бұрып,
Орнымыздан біз тік тұрып.
Жас ұрпаққа ұрандаймыз,
Евростандартты ұқтырып.
Евростандартқа бәрі ғашық,
Қыз қауымның кіндігі ашық.
Етекті жоғары көтергін,
Сигаретін алып шет елдің,
Болса да ол бізге жат,
Бірақ ол Евростандарт.
Ағылшынша тіл сындырып,
Орысшамызды білдіріп.
Қазақшамызды бүлдіріп,
Ұл мен қызыңды алаңдат...
Мұнымыз да Евростандарт.
Евро үлгімен сән құрып,
Батыстың салты жаңғырып,
Евро стандартқа кіреміз,
Жезөкшелікке тән бұрып.
Евро стандартқа не жетер,
Құрсақсыз да бала көтер.
Қағынан тұрып жерінген,
Саған қалай сана жетер.
Қатігездік пен зұлымдық,
Бұл стандартпен қанға өтер.
Евростандарт — бағам,
Евро стандарт — тағам.
Гомосексуалдар мен,
Лесбияниктер партиясы,
Тіркелетін қоғам
Евро стандартың бәрін қармап тұр,
Орыс стандарт ежелден ойнап тұр.
Қытай стандарт шығыстан арбап тұр,
Қазақ стандарт қанымда қайнап тұр.
Евростандарт қой ең басы,
Елім діндердің ордасы.
Бар стандартты
Қазақ стандартпен жеңуге,
Тәңірім бізді қолдашы.
Сұмандаған Евро қайда барсаң,
Алдыңнан шыға келер айға барсаң.
Ұйқымнан шошып оянамын
Евростандартпен ойға барсам.
Өзіме-өзім сұрақ қоям:
Евростандартқа жатпайтын,
Бісмілләсіз ас батпайтын,
Төрінде қыран баптайтын,
Жорғасы жонды таптайтын,
Қымыз-қымыран саптайтын,
Арын жанға сатпайтын,
Табалдырықты баспайтын,
Кіммін мен?!...
Жусаны аңқыған далада,
Қазақша ойланып тұрмын мен.
Ал әзірге,
Қара шал мен,
Қара кемпір, домбыра,
Және киіз үй,
Евростандартқа кірмей тұр,
Құдайға шүкір!