Құрал Көмек

Туындылары


ШУАҚ


Шуақты іздеп адамдар,
Шуақты бәрі сағынған.
Шуақтан өсіп талғамдар,
Шуақтан гүлдер ашылған.

Шуақтан үміт үзбеген,
Шуаққа бәрі тұрақтар.
Шуақтан жауап іздеген,
Шуақтап келсе сұрақтар.

Шуағын таңдар үзбесе,
Шуақтан туар ізбасар.
Шуақтан шуақ түспесе,
Жер бетін мәңгі мұз басар.

Шуақтан бәрі жаралып,
Шуақтан бәрін тауыпты.
Антарктида жылынса,
Шуағың бірақ қауіпті.