Өмірдерек
Қосалыұлы Сатыбалды Дулати - 1942 жылы 26 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданының Майбұлақ ауылында туған. Орта мектептен соң 1960 – 1980 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадио комитетінде тілші, бөлім редакторы қызметтерін атқарған. Кәсіби орта мектепте эстетикалық тәрбие пәнін жүргізіп, ұстаздық етеді. 1982 жылдан бері бірыңғай шығармашылық жұмыста.
Тұңғыш өлеңдері 1960 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланып, 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен», 1990 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Мерейлі мекен» атты ұжымдық жинақтарға енген. 1993 жылы «Рауан» баспасынан «Дәуір Дастан», 2000 жылы «Жалын» баспасынан «Көзімнің қарасы» атты өлеңдер жинағы шықты.
Сондай-ақ «Қазығұрт» баспасынан «Жан шуағы» атты өлеңдер жинағы 2001 шықты.
Оңтүстіктің ең жазба ақыны М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған халықаралық поэзия мүшайрасының ІІІ орын алтын медаль иегері. Төле-би ауданының құрметті азаматы. Оңтүстік Қазақстан облысына сіңірген еңбегі үшін медальі. М.Дулати атындағы халықаралық медаль иегері.