Біржан Байтуов

Өмірдерек


Біржан Байтуов 22.02.1990 жылы Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Майбұлақ ауылында дүниеге келді.
2007-2013 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,2015-2017 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде білім алды.Айтыскер ақын,әлеуметтік ғылымдар магистрі,филолог.
Еңбек өтілі: 2012-2013 жылдар аралығында «Эксклюзив фарм» компаниясының маркетинг бөлімінің басшысы.
2013-2014 жылдары ОҚО, мәдениет басқармасының қызметкері.
2014-2015 жылдары Отырар облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Өнер» бөлімінің басшысы.
2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кеңесшісі.
2017-2021 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Айтыс» орталығының жетекшісі.
2021 жылғы ақпан айынан бастап Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің директоры.