Одақ мүшелерінің тізімі
Юрий Кунгурцев
Юрий Васильевич Кунгурцев 1936 жылы 16 сәуірде Қорған облысы (Ресей), Мокроусов ауданына қарасты «Пороги» деревнясында туған. Свердловск (қазір Екетеренбург) қаласындағы Орал университетін бітіргенен кейін ол Шымкент қаласына келіп, «Южный Казакстан» газетінің редаксиясында жұмысқа орналасты. Осы газетте ол тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі еңбек жолынан өтті.
Оңтүстік Қазақстан ол үшін шын мәніндегі шығармашылық отаны болып табылады. Ю.Кунгурцевтың барлық шығармалары дерлік осы өңір туралы жазылған. «Колодец Жексена», «Оставайся слушать журавлей», «В четверг, дождливый день», «По высокой траве - берега», «Прямой свет», «Свет негасимой звезды» деген кітаптары бар.
Ю. Кунгурцев қазақ қаламгерлерінен Е. Тұрысовтың, Д. Досжанның, Қ. Төлеметовтың, Ә.Қалмырзаевтың кітаптарын аударған.