Одақ мүшелерінің тізімі
Иса Қазыбек
Қазыбек Жарылқасынұлы 1962 жылы (бұрынғы Киров) Мақтарал ауданындағы «Бірінші май» ауылында туған. 1969 жылы Шардара ауданындағы «Восход» орта мектебіне барып, 1979 жылы «Қызылқұм» орта мектебін бітіреді. 1979-84 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «көркемсурет- графика» факултетін бітіріп шығады. 1984-91 жылдары «Қызылқұм» орта мектебінде ұстаздық етеді. 1991 жылы Алматыдағы республикалық «Жас қазақ» газетінің бөлім меңгерушісі, 1993 жылы «Өркен» газетінің бөлім редакторы, 1999 жылы «Қазақпарат» баспа корпорациасының вице-президенті, 2000 жылғы мамырдан «Жас қазақ үні» газетінің бас редакторы, «Жас қазақ» ТГР ЖШС – нің бас директоры.
Ақынның жырлары 1984 жылы «Аудитория» 1988 жылы «Тоғыз перне» деген ұжымдық жинақтарға енген. 1996 жылы «Керімсал» деген жеке кітабы шықты.
Ақын1998 жылғы республика президенті стипендиясының иегері, Қаныш Сәтпаевтың 100 жылдығына байланысты 1999 жылы өткен мүшайраның үшінші жүлдегері, Түркістанның 1500 жылдығына орай өткен халықаралық мүшәйраның үшінші жүлдегері.
Қазқстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазыбек Иса Алматы да тұрады.