Одақ мүшелерінің тізімі
Бақбергенов Сәуірбек
Сәуірбек Бақбергенов 1920 жылы Созақ ауданында дүниеге келген. Түркістан каласыңдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, осындағы теміржол, кейіннен педагоғика училищесінде оқиды. 1939 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Подольск жаяу өскер училищесін бітірісімен Москеу түбіндегі үрыстарға катысады. С. Бақбергенов И.В.Панфилов атындағы N8 гвардиялық дивизияның офицері — атқыштар взводының командирі.
Әскер қатарынан босаған соң "Социалистік Қазақстан" газетінде еңбек етті. 1950 жылы мәшһүр үшқыш Талғат Бигелдинов һақындағы хикаятын бастырады. Шокан Уәлиханов ғұмырынан "Қоянкөлге қүлаған жүлдыз", "Мен сізді сүйемін", "Тараз көгершіндері" атты үш хикаят жазған.Соғыс тақырыбына жазылған "Карға тамған қан", "Алтын күрек", "Адам және көлеңке", "Көлеңке"романдары, "Талғат", "Белгісіз солдат", "Жанғожин", "Барлаушылар," "Атжалында" хикаяттары мен көптеғен әңгімелері оқырманға жақсы таныс.Ол "Мейірімді анам", "Адам жоне көлеңке", "Кентау" романдарының "Бозторғай", "Әнші бала", "13-нөмірліойьтншы" хикаяттарынын, "Біздіңжігіттер", "Біздіңколхоздаболған еді", "Жол Алтынемел арқылы өтеді" атты әңгіме жинақгарының авторы.
Максим Горькийдің біркатар әнгімелері мен ертектерін қазақшаға тәржімалаған.