Одақ мүшелерінің тізімі
Байділдаев Сағынтай
Сағынтай Байділдаев 1944 жылы 15 қаңтарда Созақ ауданының «Қозмолдақ» ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң 1962 жылы Шымкенттегі педагогикалық институтқа түсіп, оны 1966 жылы бітіріп шақты.
Өзінің алғашқы еңбек жолын туған жерінде бастаған ол 1966 жылдан 1967 жылға дейін аудандық «Молшылық үшін» газетінде әдеби қызметкер, 1968-77 жылдары аудандық комсомол комитетінде екінші және бірінші хатшы, 1977-83 жылдары «Жартытөбе», «Шолаққорған» ауылдық кеңесі атқару комитеттерінің төрағасы, 1983-85 жылдары А. Иманов атындағы орта мектептің директоры, 1985 жылдан Созақ аудандық білім бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Сағынтай Байділдаев Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Созақ ауданының Құрметті азаматы.
Бала кезінен өлең жазатын Сағынтай Байділдаевтың тұңғыш жырлары оның студент кезінде баспасөздерде жиі жарияланып тұрды. Қаратаудың қоныр самалы секілді лирикалары студенттердің жан азығына айналды. Бүгінде ақынның «Ақ желкенді алау күндерім», «Түс ауып барады», «Жырлайды жүрек», «Үміт пен күдік», «Айналайын» деген жыр кітаптары бар.
Сағынтай Байділдаев Созақ ауданы, «Шолаққорған» ауылында түрады.