Одақ мүшелерінің тізімі
Ақайұлы Аманбек.
Аманбек Ақайұлы 1947 жылы Қазғұрт ауданындаға «Рабат» аулында туылған. Алдымен сол ауданның Қ. Әбдалиев атындағы мектебінде оқып, кейін Шымкенттегі № 12 мектеп –интернатты бітірген.
1965-70 жылдары Алматыда оқып жоғары білім алды. 1983-90 жылдары Түлкібас ауданындағы «Ақсу-жабағылы» қорығында жауапты қызметте болған. Бұданкейін «Қазығұрт» атты қордың төрағасы болды. Қазір «Жібек жолы» халықаралық қорының президенті.
Аманбектің бірнеше жыр жинақтары жарық көрген. Оның «Еркеназ, Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Қзығұрт», «Ән арнадым халқыма» деген секілді кітаптары бар. Аманбектің танымал бірнеше әндері бар. Ол облыстық «Үклім- ай» атты өнер сайысында бас жүлдеге ие болған. Ғалым киелі Қазығұрт тауынның тарихын зерттеуге ат салысып жүр.
А. Аққайұлы биология ғылымдарының докғторы.