Одақ мүшелерінің тізімі
Ақынбеков Мейірбек
Мейірбек Ақынбеков 1939 жылы 19 наурызда Сарағаш ауданының «Төңкеріс» ауылында тұған. 1957 жылы орта мектепті бітіріп, енбек жолын мақта шаруашылығында бастады. Ұзамай аудандық «Қызыл Ту» газетіне қызметке келді.
Ол ХҚТУ Шымкент бөлімінің филология факультетіне оқуға түсіп, оның «орыс тілі мен әдебиеті» бөлімін 1965 жылы бітіріп шыққан.
1966 жылдан бүгінге дейін түрлі басылымдарда журналистік қызметте.
Мейірбек Ақынбековтің жырлары түрлі басылымдарда жиі жарияланып тұрды. Ол сондай-ақ , аудармашы ретінде белгілі бола бастады. Ақынның өлеңдері «Оңтүстік өңірінде» (1960), «Көктем шынысы» (1975ж.), «Тоғыс перне» (1988 ж.), «Бесік жыры» (1989 ж.), «Сарыағаш саздары», т.б. жинақтарда басылды.
1990 жылды «Жалын» баспасынан «Бүршік» атты жеке жинағы басылып шықты. «Туған жер төсінде», «Із», «Әлди әже», «Сыр шертеді ақындар», «Шортан» атты жыр кітаптары бар.
Ақын 1994 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазір Сарыағаш ауданында тұрады.