Одақ мүшелерінің тізімі
Кеттебеков Жәлел
Жәлел Кеттебеков 1945 жылы 10 наурызда Қызылқұм ауданындағы «Қожатоғай» ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң, 1971 жылы Москвадағы М. Горький атындағы әдебиет институтын түседі.
Институтан кейін елге оралған Жәлел 1996 жылға дейін Шардара аудандық газетінде қызмет жасады. Шардара аудандық баспа ханасының бастығы болды, сондай-ақ аудандық «Қазақ тілі» қоғамын басқарды. 1996 жылдан Шымкенттегі Қазақстан журналистер одағы облыстық бөлімшесінің жауапты хатшысы.
1998 жылы қаңтар айында Ж.Кеттебековтың бастамсымен облыста «Нартәуекел» атты газет шықты. Газеттің бас редакторы да өзі болды.Жәлелдің алғашқы кітабы 1979 жылы «Отыз алты тәулік» деген атпен жарық көрді. 1986 жылы «Жалын» баспасынан жазушының «Балалық шақтың ақыры» романы басылып шықты.
Ж.Кеттебеков Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазір облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі. Шымкент қаласында тұрады.