Одақ мүшелерінің тізімі
Мүсірепов Қосжан
Қосжан Мүсірепов 1932 жылы Арыс ауданы (қазір Ордабасы ауданына қарайды) «Бөріжар» кеңшарының «Бірлік» бөлімшесінде дүниеге келді.
Ауылдағы 7 жылдық мектептен соң Қ. Мүсірепов мұғалімдер дайындайтын арнаулы курстың тыңдаушысы болды. Мұғалімдер институтының 2 жылдық курсын тәмамдаған соң 1949 жылы «Бірлік» бөлімшесінде еңбек жолын бастайды. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне үздіксіз ат салысқан жас қаламгер 1950 жылдан республикалық баспа беттерінде жариялана бастады.
1957-59 жылдары Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. «Қазақстан пионері», «Жетісу» газеттері мен «Мәдение және тұрмыс» журналында қызмет атқарды.
Лирикалық өлеңдері мен новеллалар топтамасы «Гүлжазира» кітабы 1967 жылы жпрық көрді. Қ.Мүсірепов 1967 жылдың 3 наурызы күні дүние салды. Ақынның «Бақыт», «Раушан», «Арманым елдің» атты кітаптары бар.
Туған жерінде – Бөріжарда Қ.Мүсірепов атында мектеп бар және оның ескерткіші орнатылған. Ордабасы аудандық газетінің жанында 30 жылдан бері Қосжан Мүсірепов атындағы әдебиет және өнер бірлестігі жұмыс істеп келеді. Облыстық бірқатар қалаларында ақын атында көшелер бар.