Одақ мүшелерінің тізімі
Медетбеков Темірхан
Темірхан Медетбеков 1945 жылы 6 наурызда Түркістан ауданының Аманкелді атындағы ұжымшарында туған. Орта мектептен кейін Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтында оқыған.
Қазақ телевизиясы студиясында редактор. Маңғыстау геологиялық – барлау экспедициясында дизельші маторшы, Маңғыстау Қазақстан Жазушылар одағы Маңғыстау облыс аралық бөлімшесінде әдеби кеңесші, облыстық «Комунистік жол» газетінде тілші, «Жазушы» баспасында редкатор, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы тілшісі болып істеген.
Медетбековтың алғашқы жинағы «Жанымның жапырақтары» деген атпен 1970 жылы шықты. Өлеңдері орыс, украин тілдеріндегі жинақтарда басылды.
Украин ақыны Валерий Гужваның, өзбек ақыны Еркин Вахидовтың өлеңдерін қазақшаға аударды.Темірхан Медетбеков Қазақстан Жазушылар одағының, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Ақынның «Сапар алдында», «Аңқа кептірген аңызақ», «Мәртебе», «Эфирдегі толқындар», «Көгершін қауырсындары», «Сырым бар саған айтатын», «Тынышыңды алам дүние», «Тағдырлы жылдар жырлыры», т.б кітаптары бар.
Қазір Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы.