Одақ мүшелерінің тізімі
Жаңбұров Мамытбек
Мамытбек Жаңбыров 1936 жылы 25 мамырда Арыс ауданындағы «Қабыл сай» стансасында туған. 1952 жылы Байырқұмдағы 7 жылдық мектепті тауысқан. 1952 жылы Ташкенттегі Қаржы-несие техникумына оқуға түседі. 1955 жылы сол жердегі Қаржы-Несие институтына түсіп,оны 1959 жылы аяқтайды. 1959 жылдан 1998 жылға дейін облыс аудандарында, облыс орталығында қаржы саласында жауапты қызметтерді атқарды. Ол бұрынғы бөген аудандық Кеңесінің депутаты болды.
М.Жаңбұров Қарқалпақстан, Өзбекістан, Қазақстан жазушылар одақтарының мүшесі. Ол «Өмір өткелдері», «Тағдыр», «Арпалыс», «Көңіл сыры», «Естен кетпес ұлы есім» атты кітаптарының авторы. Тәуелсіз «Маса» газетінің редакторы. Шымкент қаласы маңындағы бұрынғы «Коммунизм» ауылында тұрады.