Одақ мүшелерінің тізімі
Алауханов Есберген
Есберген Оразұлы 1958 жылы 19 мамырда туған. Еңбек жолын Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, «Красная Звезда» ауылында трактор бригадасының есепшісі болып бастаған.
1981 жылдан Сарыағаш аудандық халық сотында сот мәжілісінің хатшысы, Қызылорда облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, аудандық агроөнеркәсіптік заң қызметінің бастығы, аудандық ішкі істер басқармасының тергеушісі, Шымкент облыстық ішкі істер басқармасыняң тергеушісі,Шымент облыстық ішкі істер басқармасының экономикалық тергеушісі, Шымкент облыстық ішкі істер басқармасының экономикалық қызметінің уәкілі, Қазақстан республикасы Әділет министрлігінің сот басқармасы органдарының бас кеңесшісі болып қызмет еткен.
Лениград мемлекеттік университетіне түсіп, Ташкент мемлекеттік университетінің заң факультетін, Қазақ-Түрік халқаралық университетінің экономика факультетін бітірген. 1993 жылдың 18 наурызынан Сарыағаш аудандық халық сотының төрағасы болып сайланған. 1993-1995 жылдар аралығында Ресей ҒА Мемлекет және құқық институтының сырттай аспирантурасын бітіріп, 1995 жылдың қыркүйегінде «Жалған құжаттар арқылы жасалынған талан-таражды саралау (Қазақстан республикасы бойынша)» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. 1996 жылдың 7 қарашасынан ҚР Презииденнтінің Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық соты-қылмыстық істер алқасының төрағасы болып тағайындалған. 2000 жылдың 30 мамырынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әділет басқармасының бастығы.
Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, 1995 жылғы Қазақсстаан Журналистер одағының Бақытжан Қаратаев атындағы сыйлығының иегері.
Көлемі 100 баспа табақтан асатын 50-ден аса жұмыстары жарияланған. Оның ішінде монографиялар, оқулықтар және оқу құралдары бар