Сарыбаев Қаныбек

Туындылары


БАҚЫТЫМ СЕНДЕ, ТҮРКІСТАН
Лаулаған қызыл-ала бантиктері,
Түркістан гүл бағыңда шалқыт мені,
Өзге емес өзіңнің тең құшағыңда
Жанымның жылдар бойы бар күткені.

Қызық қой қырмызы бет анарың да,
Ұқсатып сүйіктіме қаламын да,
Маздаған махаббаттың оттары бар
Ақ маңдай қыздарыңның жанарында!

Шаттыққа толтырдың жас уақытымды
Шат әнім ағыл-тегіл ағытылды,
Басқа емес сенен ғана іздеп жүрмін
Қара көз, алма мойын бақытымды!