Сарыбаев Қаныбек

Туындылары


СЕН ҮШІН

Отаным неткен кең едің,
Шалқып бір жатқан шартарап!
Шаршамай мен де келемін
Жүгіңді сенің арқалап.

Шалдығу сірә жөн бе екен,
Болдыртар менің шағым ба?
Толтырған өзің кең мекен,
Кеудемді күш пен жалынға.

Октябрь мені туғанда,
Бақытқа бөлеп тербеткен.
Нұрымен бетім жуғам да,
Жарқылдай өсіп ер жеткем!

Отаным еттің мархабат,
Шат күйін төктің көкейім.
Ауырың болса арқалат,
Сен үшін терлеп өтейін!