Сарыбаев Қаныбек

Туындылары


ТӨРТКҮЛ

Төрткүлім, қайран Төрткүлім,
Өтті ғой сенде жас шағым.
Содан ба қағып көп күліп,
Шақырар ашық аспаның.

Ауаны жұтып, сайрандап,
Қойныңда шалқақ жатқанмын.
Жегемін талай жайраңдап,
Әжемнің қауын-қақтарын.

Өзіңде тұңғыш өлеңім,
Жүректі жарып ұшқан-ды.
Жарығым, сәулем дегенім
Бұралып тұңғыш құшқан-ды.

Көңілі көктем ұлыңның,
Жадымда мәңгі қаларсың.
Тулаған ерке жырымның
Төрінен орын аларсың.