Туындылары
Сөз зергері- өрнектеген өмірді
Таудың ұлы тауға қарап өседі,
Биіктік пен паңдық содан деседі.
Таулықсыз ғой,таудай қылып Ераға,
Халқыңызға сөз айтасыз көшелі.
«Құралайдын жолын» таңдап алғанда,
«Туған жерде», «Түнгі әнді» салғанда
Мүлгіп қалған «Қыран тауын» сезіп қап,
«Сырлы қайың» сырын бүгіп қалған ба
Туған жердің сырын терең сезіне,
Айыра алған алтыны не ,жезі не.
Бәйдібектей бабамыздың дерегін,
Бұйырыпты жазу аға өзіңе.
Сөз зергері - өрнектеген өмірді,
Демеп алды көншітіп бір көңілді.
Өзгелердің олжасына жібермей,
Өзі жазды ұлы Ақсақ Темірді.
Отыз жылдай мазалаған санасын,
Ақсақ Темір билік құрған даласын.
Елепіекшеп жайып салған халқына,
Қалам тартқан о,Ераға дарасың.
Таусылмасын маздайтұғын жанда үміт,
Кестелі сөз,шұрайлы тіл таң қылып,
Жұртыңыздың баурап алып жүрегін,
Бітпесінші сазды «Сарын мәңгілік»
Деп ойларсыз жүрген дұрыс дем ала
ЬТаза ауада,туған жерде,кең дала.
Қалам тастау ойыңызға келмесін.
Жүзден-жүйрік,мыңнан –тұлпар,Ераға!