Сарыбаев Қаныбек

Туындылары


АҚЫН БОЛСАҢ
Ақын болсаң тартпа қиял делебесін,
Сөз қайырып, ой сындырма ұйқасқа.
Жамыратып жаныңның бар пернесін,
Еш уақытта естілмеген күй баста.

Ақын болсаң сенің ащы дауысың
Теңіздерді теңселдірсін, ырғасын,
Күркіреп от қақыратып тау ішін,
Қуанышқа толтыр сонау қыр басын!

Ақын болсаң, орындалсын сол міндет,
Сүйсін елің батырындай сау келген.
Қара көздер қарап қалсын мөлтілдеп,
Ала көздер ағып түссін сәулеңнен!