Лебіз
Қаратауы даламның.
Тілі тәтті шекерден,
Ойы алмасқа пара-пар.
Сөздің жүгін көтерген,
Қайыспаған қара нар.
Сиреп қалған құрдасы,
Жалғыз емен жардағы.
Қайсеновтың сырласы,
Әуезовтың тармағы.
Ешкімде жоқ шатағы
Тұрса болды таң атып.
Туған жердің жатады,
Ұлылығын таратып.
Туған жерді жырлаудың,
Абызына айналған.
Тамырына Нұржаудың,
Кіндігімен байланған.
Туған жерге баянды,
Ұлтан болып келгендей.
Көшпей қойған Шаянды,
Астанаға теңгермей.
Алтын тәжді Алатау,
Айта алмайды «жайлы» деп.
Ән ұраны- Қаратау,
Астанасы Бәйдібек!
Ерекеңді бар игі,
Жандар жақын тартады.
Керек болса таниды,
Алтуайттың арқары.
Толағай боп өскенде
Тауды,тасты қалқалап.
Жүрер ме еді,көшкенде,
Қос тұрасын арқалап.
Айтпасамда сыр қанық,
Ұстазым ғой шын текті!
Талай шәкірт үлгі алып,
Талай ақын жыр төкті.
Бас иемін саған мың,
Қара нардай аяулым.
Қаратауы даламның
Шолоховы Шаянның !!!