Серік Жанәбіл

Асыл сөз


Ой… Ойлар… Жуалы жеріне көктем ерте келді. Аспанға қараймын. Тырналар қалықтап ұшады. Бауыржан Момышұлы мен Шерхан Мұртаза туған ауыл маған өте ыстық көрінеді. Александр Бектің «Арпалыс» деген кітабы Батырхан көкемнің төргі бөлмесінде тұрды.



Мұртазаның шаңырағында отырып көп ойға берілдім. Мұртаза «халық жауы» атанып өмірден ерте кеткенімен артында Шерхан мен Батырхан есімді қос құлыны қалды.
– «Бақыт деген – өз жүрегіңді өзгеге ұсыну!» – депті Тагор.
Шерхан Мұртаза қазақ журналистикасы мен Қазақстан Жазушылар одағына зор еңбек сіңірген қайраткер қаламгер.
– «Еңбегің үшін марапат күтудің қажеті жоқ, бірақ кез келген игі іс ақырында өз жемісін береді», – деген екен Ганди.
– «Біз Шерханның шекпенінен шықтық», – деп жазыпты Оралхан Бөкеев.
– «Жұлдыз» журналын Шерхан Мұртаза басқарған жылдары оның таралымы жоғары көрсеткішке жеткен. Журналдың проза бөлімінің меңгерушісі Оралхан Бөкеев, сын бөлімінің меңгерушісі Сағат Әшімбаев болған. Қос талант иесін де Шерхан Мұртаза тәрбиелепті.



Шерхан Мұртаза өз ұлтының тілін, мәдениетін, әдебиетін қызғыштай қорғаған қоғам қайраткері. «Ұлт тағдырына қауіп төніп тұрғанда соғыс – әрі қажет, әрі өмірлік маңызы бар іс», – депті Ататүрік.



Нұрмұхан Жантөрин қалың қабақты, иықты келген кісі екен. Қою мұрты бар. Көзі сығырайып ашылады. Басындағы шашын ұстарамен тықырлап алдырып тастапты.Батыр тұлғалы. Анау-мынау адам маңайына жетіп бара алмайтындай.Қазақшадан гөрі орысша көбірек сөйлеп отырды. Өткір жанарымен ер адамға тесіле қарайды.Ал режиссер Абдулла Қарсақбаев мүлдем басқаша адам болып шықты.Орта бойлы, қою қара мұртты, дөңес мұрын, қарапайым кісі екен.
...Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы К.Т. Кауфманның бастамасымен Шоқан Уалихановты құрмет тұтатын Г.А.Колпаковский Шоқан моласына мәрмәр тастан ескерткіш орнатып, оның аты-жөнін ойып жазғызыпты.
1989 жылы режисер Болат Мансұров атақты «Сұлтан Бейбарс» атты кинофильмді жарыққа шығарды.Сұлтан Бейбарс ролін Нұрмұхан Жантөрин ойнады. Бұл оның актерлік өмірбаянының биік белесі болатын...