Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Бектұрсынұлы Камардин

Камардин Бектұрсынұлы 1937 жылы 20 желтоқсанда Ордабасы ауданындағы "Шұбар" ауылында туған. Орта мектепті бітірген соң, 1955 жылы қазіргі ХҚТУ Шымкент бөлімінің филология факультетіне оқуға түседі. Денсаулығына байланысты 1960 жылы оқуды сырттай жалғастырды. 1961-65 жылдары орта мектепте мүғалім болды. 1965 жыддан 1990 жылға дейін Шұбардағы Кәсіптік техникалық училищеде үстаздық қызмет аткарды.
Ақын өзінің шығармашылық қызметін 1957 жылдан бастайды. Тұңғыш жинағы "Үміт жолы" деген атпен 1975 жылы шықты. Сондай-ақ осы жылы шыққан "Көктем тынысы" атты ұжымдық жинақта Камардиннің қомақты топтамасы жарық көрді. Оның "Бір сыр бар", "Өмір шындығы" кітаптары бар.
К.Бектұрсынүлы 1975 жылы Москвада өткен VI Бүкілодақтық Жас жазушылардың кеңесіне қатысты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ақын Оңтүстік Қазақстан облысының Грамотасымен марапатталған.
Ордабасы ауданы, "Шұбар" ауылында түрады.