Жазушылар одағы

Жаңалықтар

2012 7 ақпан

Қазақстан Жазушылар Одағы 2007-2011 жж. аралығында жарық көрген шығармалары үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Жазушы Ерсін Қойбағарұлының «Махаббатым – Ғайып еренім» әңгімелері мен хикаяттар жинағы үшін, ақын Ханбибі Есенқарақызының әдебиетті насихаттаудағы елеулі еңбегі үшін, жазушы Өтеш Қырғызбаевтың «Қобызшы Жаппас Қаламбаев» атты деректі хикаяты үшін мәртебелі сыйлыққа ие болды. Аталмыш ақын - жазушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, биік шығармашылдық табыстар тілейміз.




2012 19 қаңтар

Белгілі журналист Төреғали Тәшеновтің «Сана мен саясат» атты танымдық кітабы жарық көрді. Кітапта негізінен автордың түрлі тақырыптағы журналистік жазбалары, мақалалары топтастырылған.




2012 14 қаңтар

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің бүгінгі № 6-7 санында көрнекті ақын Бақытжан Алдиярдың бір топ өлеңдері жарық көрді.




2012 11 қаңтар

«Шымкент келбеті» газетінің бүгінгі № 2 санында ақын Сабырбек Тұрлыбектің «Жүз жасың құтты болсын келген бүгін!» атты Д. Қонаевтың 100 жылдығына арналған өлеңі жарық көрді.




2012 6 қаңтар

«Шымкент келбеті» газетінің бүгінгі № 1 санында жазушы Зылиха Жантасованың «Сенімімі жылап қалды» атты әңгімесі жарық көрді.





Жаңалықтар архиві: 2007  2008  2009  2010  2011  


 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу