Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Бердияров Токаш

Токаш Бердияров 1925 жылы 19 қыркүйекте Сарыағаш ауданыңдағы "Келес" ұжымшарында туған. 1930 жылы Ташкенттегі балалар үйіне алынып, сонда тәрбиеленеді. 1938 жылы туған ауылына оралған ол колхоз шаруашылығына араласады. Алдымен табельші, кейін "Бесқұбыр" ауылдық кеңесінің хатшысы болады.
1942 жылы 17 жасында соғысқа аттанған ол Украина майданында жаумен шайқасады. Соғыстан кейін Қызыл Тулы әскери Балтық флотына жіберілген. Кәнігі матрос денсаулығына байланысты 1949 жылы әскерден босатылады. Бүдан соң, суретшілер училищесінде оқыған ол "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті" газеттеріңде қызмет істеген. Бала кезден өлең жазатын маркұм Т. Бердияровтың жырлары қазақ әдебиетінің қазынасына қосылған асыл мұраға айналған. Ақынның "Мен өмір сүремін", "Утренный луч". "Бейбітшілік көшесі", "Тораңғыл", "Оқ пен гүл", "Бозторғай", "Күндер, күндер, күндерім", "Ескі паровоз", "Сөнбейтін оттар", "Шынар", т. б. көптеген кітаптары бар.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу