Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Әбдірәсіл Зұлпықар

Зұлпықар Әбдірәсіл 1935 жылы 20 қыркүйекте Қазығұрт ауданындағы «Талдыбұлақ» ауылында туған. 1954 жылы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектепті бітірген. Мектептен кейін-ақ еңбекке араласа бастаған ол ұзақ жылдар халық ағарту саласында қызмет атқарды. 1997 жылы зейнеткерлікке шыққан.
1963-68 жылдары Шымкенттегі Педагогикалық институттың «филология» факультетінде оқыған. «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «КСРО Халық ағарту ісінің үздігі» атақтарын иемденген ол көптеген медаль, грамоталармен марапатталған.
З. Әбдірәсілдің «Сөз-семсер», «Адай», «Өмір-өлең», «Түп атамыз - Түйеболат», «Мақтан тұтар тұлғалар» деген кітаптары бар.
Қазақстан Жзушылар одағының мүшесі.