Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Әжебекұлы Табанды

Табанды Әжібекұлы 1940 жылы 16 қыркүйекте Бәйдібек ауданындағы « Ботпай» ауылында туған. 1957 жылы орта мектепті, 1962 жылы Шымкенттегі педагогикалық институтты бітірген.
Еңбек жолын 1962 жылы Шаяндағы М. Әуезов атындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастаған. 1963-65 жылдары Созақ аудандық оқу бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1965-74 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі, идеология саласының хатшысы, 1975-60 жылдары Шардара аудандық партия комитеті идеология саласының хатшысы, 1981-83 жылдары Шымкент қаласындағы Қ. Сыпатаев атындағы орта мектептің директоры, 1983-93 жылдары облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы төрағасының орынбасары,1993-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының қызметкері, қазір Шымкентқаласы әкімінің кеңесшісі.
Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын ол Шет елдермен мәдени және достық қатынастар қоғамының, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы облыстық бөлімінің төрағасы.
Табанды Әжібек осы қызметтермен қатар әдебиет саласында да еңбек етіп келеді.Түрлі жанрлардағы кітаптарға жазған сын –мақалаларының жинағы «Қасиет» баспасынан жарық көрген. Сондай-ақ , «Тұмар дүние» деген кітабы бар.