Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Әбілдаева Гүлзәкира

Гүлзәкира Әбілдаева 1956 жылы Ордабасы 1956 жылы Ордабасы ауданы, «Темірлан» ауылында туған. Темірландағы орта мектепті бітірген соң, Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. Оқудан соң, Алматыда қалған ол республикалық басылымдарда көп жылдар бойы еңбек етті. Кейін Қазақ радиосында қызмет жасады.
Гүлзәкира қазақ ақын қыздарының легіне қосылған сыршыл ақын. Көптеген публицистикалық шығармалармен бірге жырлары да баспасөздерде жарияланып тұрады. Оның бір топ жырлары «Балауса» атты ұжымдық жинаққа енген. «таңғы дауыс» деген кітабы бар.
Гүлзәкира Әбілдаева Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Қазір Алматыда тұрады.