Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Исақов Сарманбай

Сарманбай Исақов 1952 жылы мамырда Орабасы ауданы, XXI партъезд ұжымшары «Қайтпас» ауылында туған. Жоғары білімді аграном.
1988 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен бері ауыл шаруашылығы саласында өз мамандығы бойынша еңбек етіп, кейін «Бозарық» ауылдық әкәмшілігінде ауыл әкімі болды. Сондай-ақ, облыстық ақпарат және келісім басқармасында, қалалық әкімшілікте жауапты қызметтер атқарды. Қазір де шымкент қалалық әкімшілікте қызмет атқарады.
Сарманбай сурет, мүсін өнерімен мектепте жүргенде ақ айналыса бастаған. Фантазиясы бай жігіт көркем шығармалар да жаза бастады. Оның шығармалары Ригада өткен КСРО Жазушыларының кеңесінде жоғары бағаға ие болды. Ол Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қарауылбек Қазиев атындағы сыйлықтың иегері.
Фантаст-жазушының «Жер ұйыққа саяхат», «Қызыл сауле», «Сенсация века», «Үрей жайлаған дала», «Құмар» т.б кітаптары жарыққа шыққан.