Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Момынжанов Зәкіржан

Зәкіржан Момынжанов 1961 жылы 29 қаңтарда «Сайрам» ауылында туған. 1978 жылы Н. Островский атындағы Ташкент театр институтында түсіп, оны 1983 жылы бітірген. Әскерден кейін 1985 жылдан бастап Сайрам ауданында мәдениет саласында түрлі қызметтерде болды. 1991 жылы облыстық «Дустлик бойроғы» газетіне келді. 1994-99 жылдар аралығында облыс әкімшілігінің Тілдер жөніндегі басқармасында және Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында қызмет етті. 1999 жылдан бері облыстық «Жонуби Қозоғстон» газетінде қызмет етіп келеді.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын З.Моынжановтың жырлары көптеген жинақтарда жарияланған. Оның «Көктем кемпір қосағы», «Туски» деген жыр кітаптары бар.
З.Момынжанов аудармашы. Оның аударуында ақын жазушылар М. Байғұттың, Х. Есеқараеваның, Ю. Кунгурцевтың, М.Ақынбековтың, К.Төлеметовтың, С. Исақтың, С. Адамбековтың, т.б шығармалары өзбек тілінде жарыққа шықты.
З. Момынжанов Сайрам ауданы, «Сайрам» ауылында тұрады.