Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Жанәбіл Серік

Серік Жанәбіл 1952 жылы 4 тамызда Талдықорған облысы, Ақсу ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факултетін 1977 жылы бітірген, сол жылы «Жібек жолы» атты жинаққа «Зайтуна» деген әңгімесі енген. 1978 жылы «Жалын баспасынан «Дүрбелең» атты кітабы шыққан. Ол жазушылар одағының мүшесі. Жазушы «Қазақ әдебиеті» газетінің 1989 жылғы лауреаты. Шымкент қаласында, облыста түрлі қызметте болды. Оның тағы да «Үш Татьяна», «Қобызшы Молықбай» «Алтын жүзік» деген кітаптары бар. «Қобызшы Малықбай» деген повесінің желісімен түсірілген фильм-спектакль Қазақ теледидарының алтын қорында сақтаулы. Шымкент қаласында тұрады.