Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Жамболұлы Құдайқұл

Құдайқұл Жамболұлы 1921 жылы қазіргі Төле би ауданы, Қазығұрт тауының етегіндегі «Әңгір ата» ауылында Ғайып ерен – Қырық шілтен бұлағының басында дүниеге келген. Әңгіратадағы әпкесі Ортай Жамболқызының қолында тәрбиеленіп, 1941 жылы 6 желтоқсан күні Москва түбінде қаза табады.
Ол талантты ақын еді. 1937-41 жылдары оның отыздан астам өлеңдері сол кездегі «Сталин жолы», «Оңтүстік Қазақстан» газетінде басылған. Оның артында он екі қалың дәптерге жазылған шығармалары қалды. Жас ақын балалық шақ, достық, махаббат,еңбек, ерлік туралы жазды. Олардың арасында «Шекарада», «Арманды қыз» атты поэмалары, «Жетім қыз» атты пьесасы бар. Оның өлеңдер поэмалары 1996 жылы «Кім өмірді мендей сүйсе ...» деген атпен басылып шықты. Қазіргі кезде оның бұрын басылмаған өлеңдері мен поэмаларыннан тұратын екінші кітабы баспаға дайындалу үстінде.