Төретайұлы Қабылбек

Туындылары


Мөлдір мұң

Қымбат-ау қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
Не болар екен, тағдыры,
Үйіріп соқса бір құйын?

Мұқағали.

Қыркүйек. Табан астынан «горящий» путевка табылып, Көкшетаудың «Оқжетпесіне» демалысқа жүрудің сәті ТҮСІП, Тілеулі оны-мұны керекті заттарды асығыс жинап, бір дипломат пен сөмкені алып әуежайға тартып кетті.
Темір жүректі, КҮМІС қанатты ұшқыр «құс» ет пісірімдік екі-үш сағатта Көкшеге жеткізді. «Оқжетпес» шипажайында онымен бірге жұмыс істейтін Нұрбол деген жігіттің демалып жатқанын білетін. Келе сала сұрастырып, соны тауып алды. Жай-жапсар сұрасып, ол: — Елде не жаңалық? — дейді. Тілеулі: — Қалай демалып жатырсың, не емі бар екен? — дейді. Нұрбол: — Несін айтасың, таза ауа мен тауға шығу, одан қалса қыздармен қыдырасың, емнің көкесі — сол, — дейді.
— Өзіміз арақ ішу мен «аң аулаудан» басқаға қол тигізе алмай жүрміз, — деп қояды.
— Иә, аңшылықтан олжа көп пе?
— Айтпа.
— Қойшы-ей, не сонша, қайын жұртыңдағы, қалыңдығыңа ұрын келгендей?
— Ойбай, сен мына менің, Нұрекеңнің жігітшілік қасиетін білмейді екенсің ғой. Түр бар /бет-жүзін, мұртын баппен бір сипап өтті/, ақша бар /шалбарының оң жақ қалтасын қағып-қағып қойды/, шешен тіл бар /анекдотты «соленыйларынан» аңырататын/, демалысқа ерігіп, зерігіп келген еркетотайларға /жұмысқа жаралған «шабан торыларға» мұндай орындарға келмейді/ мендейлерден артық кім керек? Көріп жатырмын шетінен серия-серия, прес-пресімен.
Мынаның ойыны ма, шыны ма деп бетіне қараса, қызулау секілді, «Е-е, әзілдеп отыр екен ғой» — деп ойлады.
Таңертең Нұрбол шипажайдың көрікті, атақты жерлерін таныстырды.
— Мынау — Абылай алаңы. Оның дәл орта тұсын қара лентадай асфальт жол кесіп өтіпті. Мынау — «Оқжетпес» шыңы, ана«Жұмбақтас», анау — «Шайтанқия». Әнебір жерде — «Бурабай», мына тұста — «Биші қайыңдар» тоғайы, анау биікте — «Абылай ханның ордасы» деп аталатын тас үңгір ҮЙ. Мына жақта — «Шортанды», ана жақта — «Шабақты». Мына таудың арғы беткейінде — сексен көл!
Сексен көл — Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар исін
Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?
Шіркін-ай, Сәкен жырлаған сексен көл!
— Бәрі бар ма екен?
— Қайдан, 67-і ме, 60-ы ма қалған көрінеді.
Иә, асыл нәрселер азып, тотыдай құлпырған табиғат тозып барады емес пе?!
Сонымен, жер жәннаты аталатын Көкшедегі емдік демалыс басталып та кетті.
Осындай курортта естіген бір әзіл әңгіме бар. Кейбір әзіл түбінде зіл де, әзәзіл де бұғып жатады-ау.
Бір биік таудың басына жауын-шашынға ери қоймайтын сапалы сырмен «Күйеулерін курортқа жіберген кеңпейіл келіншектерге рахмет!» деген жазу бар екен. Ал, одан да биігіректе «Келіншектерін курортқа жіберген ақкөңіл азаматтарға мың да бір рахмет!» — деген де жазу бар екен-міс.
Әр аңыздың түбі — ақиқат. Әр әзілдің түбі — айғаққа апаруы МҮМКІН.
Ондағы тағы бір жазылмаған «заң» — демалуға келген адам дастарқан жайып көршілерін шақырып, танысу тамағын береді де, ауылға қайтатын адам жолын жібітіп, «жуады». Танысу, білісу осындай дастарқан үстінде. Сондай танысудың сәті Нұрболды шығарып саларға арналған дастарқанда болды. Ұшақпен бірге ұшып келген баяғы келін-шектің аты Сая екен. Сол және таныс, бейтаныс он шақты Демалушы Нұрболдың дастарқанында бас қосты. Осы Дәм-тұз үстінде Тілеулі Ақзибаны алғаш көрді. Дастарқан Жабдықтап, шәй құйып, қызмет етіп жүрді. Көзі қарақатай, қасы қияқтай, өңінен пәк сәбиліктің табы кетпеген, «бесіктен басқа көрмегеннің» нақ өзі-ау дейтіндей екен. Әйтеуір, адамға сенгіш секілді, әлде оның көңіліне солай көрінді ме екен? Содан ба, алғашында бір белгісіз әуестік сезіммен, «осы қайтер екен?» — деген әулекілеу оймен, көзінің астымен ҮЗДІКСІЗ бақылап, іштей, ойша бағалауға көшті. Әрбір қимылы өзіне жарасады: шәй құйысы, шыны-аяқты ұсынуы, КҮЛКІСІ, кісіге адал-ашық жанармен жасқанбай сәби сынды тіке, тайсалмай қарауы. Бар болмысынан таза табиғилық пен тәлімді қылық сезіледі.
Жанарлары бірнеше рет шарпыса ұшырасты. Қанша қарамайын десе де, піскен қарақаттай тұп-тұнық көзімен көзі ТҮЙІСІП қала берді, қала берді...
Ақзиба... Алматыда тұрады. Үйден алғаш ұзап шығуы. Онда да өзінен екі-үш жас үлкен әпкесі Ақтолқын:
— 25-ке келгенше үйден шықпай, әбден ҮЙКҮШІК болды. Сандыққа салып сақтаймын демесеңіз, апа, қызды ары-бері, алыс-жақынға жіберіп тұру керек, Жақсыны көреді, жаманды көреді. Еш нәрсенің парқын ұқпайтын көрмәдік етпесеңіз, — деген екен.
Сол уәждің әсерімен келіп қалған беті.
Сенде — көктем, ал менде ағус айы,
Кел, нартәуекел, ауысайық, — деп Мұқағали ақын жазғандай, Ақзиба екеуінің арасында бір керемет сезім тоғысуы болып өткен еді. Ол екі мүшел жаста, бұл одан бір мүшел үлкен. Ол бесіктен белі шыққанмен, аузынан ана СҮТІ кетпеген, мына өңез дүниенің қулық-сұмдығынан хабары кем пәк нәресте секілді. Дүниеге әлі еш нәрседен алданбаған, опық жемеген, өкініш-күйінішіне душар боп үлгермеген сәби көзімен қарайды.
Бұл болса көктемі жазға қарай ойысқан, соған орай тірлік-тіршілік, қам-қарекеттерінен өзіндік ой түйе алған, өмірдің ең әдемі, уайымы аз шағын бастан өткеріп, мезгілі сәскеден тал түске таяй түскен шақтағы жан. Өмірдің тұщысы мен ащысын, кермегі мен тәттісін татып, оң мен солын тани бастаған, соған сай көзқарас пен ТҮЙСІК қалыптастырып қалған өзегі қуыс пенде. Мына дулы дүниеде ылди мен өр, адамдық пен арамдық, абзалдық пен аярлық, құштарлық пен іштарлық, сопылық пен содырлық, күнгей мен теріскей, КҮН мен көлеңке, жарық пен түнек тайталаса жүретінін, текетіресі мен итжығысы қатар алма-кезек ТҮСІП жататынын ТҮЙСІНІП қалған саналы да КҮНӘЛІ тіршілік иесі. Жар қызуын, перзент қызығын көрген, бастан кешкен. Ал ол? Ақзиба...

*  *  *

Хатшы қыз әдеттегідей таңертеңгілік іс-қағаздарын ҮСтел үстіне дайындап қойған екен. Ең бетіндегі конверт көз аялдатты. Қолы да таныс сияқты. Шынымен... Ақзиба ма?
«Қадірлі Тілеулі аға! Мен сізге жылап отырып осы хатты жазу үстіндемін, иә жылап отырып... Есіңізде ме?..»
«Иә, неге есте болмасын».
Отырыстан соң үстел ҮСТІН жиыстырып жүрген Ақзибаға көмектескенсіп, Тілеулі кібіртіктей берген. Ақзибаны айналшықтап, төңіректеп, торуылдағы қарақшыдай немесе айналма болған ауру малдай әрі бір, бері бір жүрген де қойған.

*  *   *

Ол қазір көзсіз көбелек деген еді Сая әпкесі. Тілеулі ойлаған: «Көзсіз көбелекті еш ойланып-толғанып жатпай, аяу-рақымсыз жан мен тән отына күйдіріп, мәңгілікке жандырып жібере салу немесе ең нәзік, ең талмау, ең ұрымтал, ең аяулы, ең ардақты ағзасына қайтып жазылмас жарақат салып жіберу деген — осы да үлкен үрдіс, ұлағатты тірлік пе екен?
Ем-дом, шипа қабылдау түске дейін бітеді. ТҮСКІ астан соң қол бос. Шіркін, Көкшенің табиғаты! Сәкен жырлаған, Мағжан тамсанған, Балуан Шолақ қимаған, қайран Көкше!
Қыркүйек — нағыз «масаты маусым». Бір шөкім шаң таппай «қор» боласың.
Бір КҮНІ өз ойларымен өзі болып, жеке нөмірінде отырған еді. Сая әпкесі кірді. Өңі сынықтау сияқты.
— Неге көңілсізсіз, қыз апа-ау? — дейді бұл қуақылана. Содан соң электр шәугімге шәй қойып, үстел үстіне алма, алмұрт, қияр-қызан, бір шөлмек «Қазақстан» коньягін шығарды. Шәй ішіп, күрең шараптан аз-кем ұрттап, Сая әпкенің әңгімесін тыңдап отыр.
— Сендер, жазушы, ақын, жорналшы, тілшілер, көпіртіп жазасыңдар ғой: ■— өзің сүйгенге емес, өзіңді сүйгенге қосылу керек, — деп.
— Иә, өзі СҮЙГЕН қыздардың соры ғана, — дейді Мағираш ақын деп, үстемелей қоштап қойды ол.
— Тағы қандай қосарың бар?
— І-і-ім. Өуре боп неге біткен ажар-көрік, Ішіңе от түсірдің, сәулем, көріп, — деген Шұға әпкеміз.
— Түу, осылардың бәрін қалай сақтайсың есіңе?
— Өзім де білмеймін. Құдай тағаланың ата-анам арқылы қаныма дарытқан қасиеті шығар.
— Тағы айтшы, осы тақырып жәйлі.
— Айтсам...
— Ағажан, КҮНІ құрсын ұрғашының,
Билігі болмаған соң бір басының... — ақын Сара Тастанбекқызы деп тақ еткізді.
— Тағы қандай сұрақ, емтихан алушы апай?
— Апай, әпке деп сызыла бермесей. Арамыз екі-үш-ақ жас қой. Бір жас — бит жас, екі жас — ит жас, ҮШ жас — заман құрдас. — Келістік, құрдас әпке.
Екеуі қосыла КҮЛІП жіберді.
— Сендер, еркектер, қызықсыңдар. Дегендеріңе жеткенше аяқ жалауға дайынсыңдар. Ойларыңа жетіп алған соң, жүректерің айнып, жылауға дайынсыңдар.
— Еркектің де еркегі бар дә.
Сая осы жолы курортқа күйеуінен сұранбай келген. Ол алыстағы бір облыста әскери қызметкер. Шені де, қызметі де үлкен. Жасы елуге жуықтап қалған. Қосылғандары да қызық, ғайыптан дерліктей.
Иә... дидар ғайып деген рас. Кіммен кездесеріңді тек Алланың жазмышы ғана біледі. Сол кеште Маратты алғаш рет көрді. Көрді де... Шіркін, бой қандай, Қазығұрт баурайында өскен көк теректей солқылдаған, түп-түзу. Сымбат қандай, бір қырым артық нәрсе жоқ, қылығы ше, ЖҮріс-тұрысы, өзін ұстауы, жымиғаны, күлгені, әзіл айтқаны, билегені... Құдай-ау, қайсы бірін айтасың?! Отқа арбалған нағыз көзсіз көбелек едім сол кеште, сол түнде. Әсілі, әйел затының, оның үстіне он екіде бір ГҮЛІ ашылмаған жас бойжеткеннің, елде бір ҮМІТ пен әлдебір жеңсік, тылсым нәрсеге құмар, құштар балауса да балғын тән иесінің қуыс өзегіне, сана-сезіміне Жаратқан ием от түсіре көрмесін деңіз! Құдай тағала біреудің екіншіге жұлдызын ыстық етіл қояды деуші еді. Қойшы, әйтеуір, сол ТҮНІ ол дегеніне жетті, Әрине, менің алдын ала іштей көніп, беріліп қалған жағдайым да оған оң септіпн тигізген еді.
Сол кездегі КӨҢІЛ-КҮЙІМДІ кісіге бермесін. Өз-өзімнен жиіркендім. Сәл сәттік әлсіздігімді өзіме өзім кеше алмайтын сияқты едім.
Бірақ, обалы нешік, Марат сөзінде тұрды. Іздеп келіп:
— Өткендегі уәдем-уәде, үйленейік, — дейді қиылып. Мен болмайды деймін. Ол: — неге? — дейді.
— Білесің ғой, өткен түнде көзің жетті емес пе? Мен бұрын есік көрген адаммын, ал сен қыз алмаған жігітсің. Ертеңгі КҮНІ осынымды бетіме салық қылып жүрсең, — деймін.
Бірақ, жалына түссе екен, кетіп қалмаса екен деп іштей тілеп тұрушы едім. Қойшы, не керек, қосылып тындық. Жағдайымыз жаман болған жоқ. Төсегіміз жарасып, екі ұл, бір қыз өрбіттік. Мараттың қызметі уақыт озған сайын өрледі. Сырт көзге жағдай тым жақсы-ақ. Алладан бұдан артық тілеу күпірлік сияқты.
Дегенмен... Мен ұдайы қуыстанған, әлде қымсынған, әлде секемдеген секілді сезімді бастан кешіруші едім. Күйеуім жұмыстан қабағы қатыңқы, ашулы келсе де, түрі ТҮТІГІП, түнеріңкіреп отырса да, өзімді кінәлідей көріп, өз-өзімнен мазасызданып, төзім-тағатымды тауысумен әлекпін.
Себебі...
Сен білесің бе, Тілеу? Көп қыздар: «мен алданып қалдым, олай ететінін білмедім, күшпен алды» — деп жатады ғой. Солардың бәрін түп-түгел шындық деуге болмайды. Адам, оның ішінде әйел заты өзі ұнатпаған жанмен еш уақытта жақындасуға көнбейді. Ал, бұрын еркек демін жұтпаған, еркек деміне еліре, тұншыға елітпеген қыз — құрық тимеген нағыз шүу асаудың өзі.
Мен де солай. Мараттан бұрынғы жігітімнің қолынан қақпауымның өзіндік себептері бар еді, әрине. Біріншіден, оған бойым үйреніп қалған-ды. Сонан соң, ол адам ретінде мейлінше жұғымды болатын. Әңгіме, әзілді қатыратын. Ұзақ уақытта бір жалықтырмайтын. Ара-арасында ебін тауып, СҮЙІП, аймалап, сылап, сипалап, бүкіл денеңді бір түрлі иітіп, еліттіріп, естен тандыра жаздайтын.
«Айым, КҮНІМ, жаным, періштем» — деп үздіге сыбырлаған сөздері әрі таңсық, әрі әуес, әрі тым тәтті де қызық болатын.
Сөйткен СҮЙІКТІМ...
Саяның көзі дымқылданыңқырап, төмен қарап, қолындағы бет орамалын умаждай мыжғылап, біраз отырып, әңгіме желісін үзіп алды. Жігіг ыңғайсыздау, ҮНСІЗ КҮЙ кешті.
— Содан? — деді Тілеулі әлден уақытта.
— Содан... әсілі, қыз наласы қиын дейді ғой. Әлгі СҮЙІКТІМНІҢ әйелі, бір баласы бар екен.
Ауылда. Ажырасамын, сені аламын дейді.
— Бір емес, екі бірдей бейшараны жылатып, аңыратып, бақытты бола алмаспыз. Не көрсем де өз пешенемнен көрермін, жолың ашық, Тәңір бетіңнен жарылқасын, — дедім. Әлім екі көзіме жетіп, ТҮН баласын жылаумен өткеріп жүрдім. Қолдан келер басқа қайран да жоқ. Шынымды айтсам, мойныма моншақ сала қарғапсілеген жоқпын. Күйінген кезде: «жақсылық көрмегір», — деп ойласам ойлаған шығармын, пенде емеспін бе? Әйтеуір, әлгі сорлының жолы болмады. Тірлігі түзелмеді. Араққа салынды, жұмысынан айырылды, әйелінен ажырасты. Кейін жындыханаға ТҮСІПТІ деп есіттім. Көз жасымның киесі ұрмады ма екен деп қорқам кейде. Пәк қыз — көзсіз көбелек дейтінім сол. Бірақ, қыздың көз жасының наласы болады екен-ау, әсті. — Осының бәрін мен саған неге айтып отырмын? Әлі ешкімге айтпаған, айта алмайтын жан сырым, құпиям еді.
— Шынында маған неғып айтып отырсыз? — деді Тілеулі.
— Өзім де білмеймін.
— Сезімнің сыртқа шықпас ТҮСІ бар ма? — деген ғой Абай атамыз, Сыртқа шықпаған сыр адамды дықат қылады екен. Оның үстіне, сен өзгелерден өзгешелеу сияқтысың, Білмеймін, әйтеуір, менің көзіме солай көрінесің. Жазушылардың жаны нәзік демей ме? Бірақ, жан сырымды жайып салма жалпақ жұртқа, жазамын деп.
— Жазсам атыңызды өзгерте саламын, — деді Тілеулі. — Сау бол. Сая шығып кетті.

*  *   *

«Есіңізде ме сол кеш, сол ұза-а-ақ ТҮН. Азапты ТҮН... жоқ, рахат ТҮН.
Мен сол түнге қорқа, жүрексіне және әлдеқандай бола¬ды екен деген әуестікпен, бәріне де даяр болып барғанмын. МҮМКІН, ақымақтық деп ойларсыз. Бірақ, мен қыз болып, бойжетіп, қызыл-жасылға қызыға бастаған, одан соң толысып, толықсып жиырмаға, одан жиырма беске жеткен осыншалықты кө-ө-өп жасымда жігітпен жүрмек ТҮГІЛІ, құшақтасып, аймаласа сүйіспек ТҮГІЛІ, біреумен бір рет те қолтықтаса қыдырып көрмеппін. Әкем ерте өлген. Мамамның кенжесі болған соң ба, жанынан шығармайтын. Киноның өзіне Ақтолқынмен жіберетін, Осылайша жастықтың бар қызығынан, елтең-селтеңінен, ойын-күлкісінен мақұрым қалғанмын. Енді «кәрі қыз» атанғанда кімге керекпін деп ойлайтынмын.
Содан бір күні іштей тілек еттім: кімде-кім шын көңілімен, менің тілегіме орай құшырлана өбіп-сүйсе және сол нәрсені өз жаным да қалап тұрса, яғни зорлықпен, күшпен емес, менің еркім мен тілегіме сай солай етсе, онда сол жанның қолын қақпаймын, тілегін, айтқанын қабыл ала¬мын деп. Сол кісі сіз болдыңыз. Есіңізде ме?
«Неге есімде болмасын?! Ондай нәрсе естен шығушы ма еді?»
Шипажайда жүрек-қан тамырларын шыңдауға, шынықтыруға арналған емдік жаяу жүрудің бірнеше бағыттары бар. Түстен кейін емделуші-демалушылар, іші пысқан зерігушілер топ-топ болып сол бағыттармен тауға ерлеп, көл жағалап, орман аралап кетер еді. Бір жолы Ақзиба екеуі Шабақты-Шортанды бағытындағы топқа қосылып, біраздан соң олардан бірте-бірте алыстап, оңашаланып қала берді қалтарыста.
Мойнына құрық, сауырына сырық тимеген, қысырақты арда емген асау құлындай, бір ГҮЛІ де ашылмаған, бәденінде қытығы мен майда дірілі басылмаған, бейкүнә, пәк қыз, орда бұзар отыздың үстіндегі от құшақты сақа жігіттің аялау мен аймалауына еліге, еліте масаңдана, жұмсақ жанары кіреукелене мұнартып, санасы тұмандана талықсып бара жатты... Сөйтіп жатып та, жынды жігітшілік пен тентек бұлқыныс пен бұрқанысқа толы, сезім мен құмарлыққа бой алдырған жігіт көптен күткен, негізгі мақсатты әрекетіне ыңғайланып, бұны өз ыңғайына икемдеуге көшкен тұста әйел затына ғана тән әбжіл түйсігімен жігіттің қос білегінен тас қылып ұстап:
— Бұл жер сыз ғой, КҮЗ ауасы, ауырып қаламыз кешке... сіздің бөлмеде. Солай етейікші, көкетай, жаным, — деген үздіге.
Сезімтал жігіт қыздың шын өтініп жатқанын және өз сөзінен қайтпайтынын, қайта алмайтынын, түу тереңдегі «жетінші» сұңғыла сезіммен ұғынған. Ұғынған да, дөрекі де тұрпайы, аң мен тағыға тән анайы күштеу мен әлімжеттіктің әлекті әрекетіне бармаған.
Кешке «люкс» нөмірдің ілгегін ағытып қойып, Тілеулі құмарлы тағатсыздықпен елегзи, емірене, дегбірсіздеу дүдәмалдықпен күткен. «Кім біледі, қанша айтқанмен қыз. баласы, ойына әр нәрсе келіп, өз аяғыммен барамын ба деп қобалжуы, ұялуы, иба сақтағысы келіп тартыншақтауы да МҮМКІН ғой. Оның үстіне бұған белгілі болғанмен, оған тың да тосын тірлік емес пе?»
Нұрболдың айтатын ерсілеу бір қағидасы есіне ТҮСТІ: «Әйелдерді тұрмыста аялау керек, «ұрыста» аямау керек». Айтады-ау сабаз».
Кешкі сегіз... тоғыз... он... он бір... он екі. Келмеді. Он екі жарым... Есік сықырсыз, сыбдырсыз, жәйлап ашылды да, Сая кірді.
— ???
— Ақзиба келе алмай жатыр.
— Не боп қалды?
— Жәй, әшейін, Үйімен, мамасымен телефонмен сөйлеспек екен. Соны қоспай жатқаны.
— Ой, соны да сөз деп. Тұр емес пе, ана телефон. Осы жерден-ақ тапсырыс бере салмаймыз ба?
Солай етілді. Ар жақтағы қыз: «бір сағат көлемінде күтесіз» — деді.
...КҮНДІЗГІ тарқамаған құмарлық, көрсетілмеген қылық, айтылмаған тәтті сөз бен аймаласу қайта жалғасты. Өмірі бастан кешпеген сезім шарпуына шырмалып, тәтті СҮЙІСТІҢ өзінен-ақ өмірі татпаған ләззат ала бастаған қыз, жыланға арбалған қорғансыз торғайдай «көзі жұмулы қалпы, екі иығы, қос анары, аш белі, томпиған бексесі, бүкіл бәдені мен он екі мүшесі буынды алған дірілге көмілген күйде...» жаным, жаным, жаныңдамын, сендікпін, өзім келдім, қолыңдамын, не болса о болсын, сенікімін» — деген сияқты бір байланыссыз сөздер тізбегін ыңырси сыбырлап, ынтыға күбірлеп жатты...
««Адам көркі — шүберек». Айтқаныңа болайын! Бұл өз кемшілігін жабуға ұмтылған көріксіз де сұрықсыз, қисық-қыңыр, шайқы-бұрқылардың ойлап тапқаны шығар-ау. Адам сұлулығы табиғи, анадан туылғандағыдай қоспасыз қалпында емес пе екен?»
Тәңірдің жаратқан қызыл қанды, қызу қанды өзегі қуыс пендесіне тән тәни ләззат тоятын тілеген осынау құштарлық пен қуат кемерінен аса лықсыған қос жас дене арасынан пышақ өтпес бір мүсінге, еш ажырамастай кіріге байланысуға бет алған соңғы сәт, ақырғы мезетте қара ала көлеңкелі бөлмеде қарауыта монтиып тұрған телефон таңалакеуімгі тәтті ұйқысынан шошына бажылдаған байғыздай шар-шар, без-без ете түспесі бар ма?
Ақзиба жатқан орнынан атып тұрып, телефон аппара¬тын алды.
— Алматы ғой, апам шығар...
Жаңағы аласапыран жалын шарпулы шала мас сезім ауанының әсері ме, әлде оқыс та оғаш естілген телефон¬ның жүйкеге бірден, күтпеген жерден ықпалынан ба, Ақзиба үстіне ешқандай желең де, лыпа да ілмеді. Іле алмады. Іліп үлгермеді. Бәлкім, өмірінде тұңғыш рет жігіт алдында осылай жасаусыз жасанып, он екі мүшесі, алпыс екі тамырынан басқа бірде-бір бөгде нәрсесіз тұрғысы, таранғысы, төсін кере, бөкседен төмендеу жерге емін-еркін жете, толқындана төгіліп жатқан қалың қара шашын жамылып тұрғысы келді ме екен? МҮМКІН, бұл — қыз ғұмы-рындағы, қыз қалпындағы ең соңғы мезеті шығар, қайта келмес, қайта айналмас, бір ұшқан соң басына қайта қонбас бақытты сәті болар.
Ақзибаның ар жағындағы ауқымды терезе әйнегінен ТҮСІП тұрған әлде Айдың, әлде бағана басындағы шамның сүттей аппақ сәулесінің әсерінен қыздың қырынан көрінген МҮСІНІ кереметтей ғажап еді. Әлемдегі сұлулық үлгісі есептелетін Боттичелидің «Көктемі», Рембрандтың «Данаясы» осындай-ақ шығар. Мынау ұзын да емес, тапал да емес, тіп-тік тұрқы, кескіні келіскен әп-әдемі бет-бейне, ұзынша мойын, жұп-жұмыр иық, әсіресе, қаз кеуде деймісіз, аққу омырау дейсіз бе, ұшы әнтек сүйірлене біткен анар...
Қос алма кеудесінде қисаймайды... деп ақындардың атасы текке айтпаған-ау.
— Жақсы, — деді Ақзиба, — өздеріңіз қалайсыздар? Даусым? Бір түрлі? Жоқ-жоқ, даусымның еш нәрсесі жоқ. Жәй, әншейін, төменнен жүгіріп келгендікі шығар... Жоқ, ауырып тұрған жоқпын. Бәрі жақсы. Бүлінген еш нәрсе жоқ, ертең кешке ұшамын. Рейс пәлен, қонатын уақыты түген. Жақсы, сау болыңыздар. Ертең көріскенше!
«Қайран шеше, шіркін ана көкірегі! Қалай ғана ЖҮЗДЕГЕН шақырым ары тұрып перзентінің дауыс ырғағын, кеудесіндегі толқыныс дірілін аңғарып қойды десеңші!»
Қыз ойын да, бойын да тез жиып алды. Төсекке қайтып енбеді. Кереует басындағы оны-мұныларын лып еткізіп қолына алды да, жуынатын бөлмеге кетті, «Мәрт мерген екі атпас, ер жігіт екі айтпас». Осылай ойлаған Тілеулі қайта қиылып, қайта қинап-қыштамауға да, қиянат жасамауға да бел буды. Дәлізде екеуі СҮЙІСІП қоштасты. МҮМКІН, мәңгіге.
— Рахмет, бәріне де рахмет, — деді Ақзиба дымқылдана боталаған жанарын бұның жанарына қадап. Мен сізді еш уақытта ұмытпаймын, ұмыта алмаспын.
— Қош, есен-сау жүр. Бақытты бол. Бағың ашылсын, таң атып келеді ғой, таңғы тілек Тәңірден деген, — деді Тілеулі.
— Айтқаныңыз періштенің қүлағына шалынсын. Екеуі де бетін сипады. Дәл осы сәт жігіт пен қыз бір-біріне ақ жол, ақ тілеу арнаған ағалы-қарындас сияқты еді.
Иә, шынында да жер бетіндегі ізгі ойлы, игі ниетті, Алланың рақымы түскен пенделер бір~біріне туыс, бауыр, қауым, қарындас, үрім-бұтақ емес пе?!

*  *  *

«Иә, аға, бәрі есіңізде болар? Мен сізге хатты жылаған КҮЙІ жолдап отырмын дегенді жоғарыда жаздым ғой. Хатты алғанда, оны өзіңіз де аңғарарсыз. Бір-екі түйір тамшы көз жасым ақ қағазға тамып та кетті-ау деймін. Бірақ, бұл жас — қуаныштың, бақыттың тамшылары, Иә, аға, мен бақыттың, қуаныштың дәмін таттым, әлі де тата беретін шығармын.
Жанымда жарым, бауырымда балам, айналамда анам мен ағайындарым, апам Ақтолқын. Иә, айтпақшы, Ақтолқын сіз туралы, қандай адам екеніңіз жәйлі толық біледі. Кешіріңіз, әрине, мен арқылы. Бір ғана, ең жақын деген адамыма, апама айтуға болатын шығар деп ойладым. Өткенде алдыңызға барып, жолыққан қыз сол — Ақтолқын. Жол ТҮСІП тұрған соң, сізге соқпай кетуге болмады дейді. Ол да сізге көптен-көп сәлем айтуда, Алматыға келсеңіз, бізге хабарласыңыз. Бәріміз де шын ризашылық ықыласпен күтеміз. Қызыңыз /менің сіңлім/ Жанеркеге сәлем деңіз.
Қарындасыңыз Ақзиба. Алматы. 1980-жыл. Қыркүйек». Тілеулі хат жазылған парақтарды мұқият бүктеп, конвертке қайта салды.
Ақзиба... Ақзиба, айналайын-ай, бақыттымын дейді. Бақытты бол, — деп күбірледі Тілеулі. ... Ойына «әпкесі» Сая ТҮСТІ.

БЕЗБЕРІШ

— Сен Сенбі көкемнің артынан бірде-бір рет бармапсың ғой, ауруханада жатқанына жарты жыл болды. Сені сұрады, осындайда бармағанда көңілін сұрап, өлгенде бармақпысың? Көзі жұмылған соң құй бар, құй барма. «Тірі кезінде сыйласпаған ағайын, өлгеннен соң жылаған құм құйылсын көзіңе» деген екен аталарымыз, — деп суырыла сөйледі Әбіл бауыры.
Бұл не десін оған.
Әбіл білмейді ғой, мұның ішіндегі бір кездері жүріп өткен әлем-тапырық, астаң-кестең дауылды. Өлігіне де бармаспын, — деп қарғанғанын, қаны жылап қорланғанын, кіршіксіз әппақ сезімдерінің кәусары былықтың қара балшығына тапталғанын ол қайдан білсін!

*  *  *

Тілеулі жастайынан зерек еді. Оқуға қамшы салдырмады. Әр сыныпты мақтау қағазбен бітіріп, суреті мектептің Құрмет тақтасынан түспеді. Ал, Сенбі көкесінің ұлы — Медет, алғырлығы кем, момын, болбыр, аңғалдау болып өсті. «А» әріпінен аттестатқа дейінгі он жылды бірге өткізді, тізе қағыса қатар оқыды. Үнемі ол Тілеуліден үйге берілген тапсырманы көшіріп алатын.
Бұл сабаққа зейінін салып, озат оқушы атанып оқыр ма еді, бел ортада «аха-ха, ехе-хе-леп» жүре берер ме еді, егер әкесінің талай мәрте айтқан бір сөзі болмаса:
— Балам, мен ағайындының ең кішісі болып бұлғақтап, шолжаңдап, ерке өстім. Молда, мектеп алдын көрмедім. Оқымаған да нанын тауып жейді, — деп, миымды ашытқым, оқып жатқым келмеді. Соның кесірінен өмір бойы опық жеп келемін. Оқыған қанша итке жем болдым?! ЖҮЗІМ жарқырап төрге оза алмадым. Көкірегім сайрағанмен, қолымды әліпбисіздік байлады.
— Балам, оқы, оқышы, мен ҮШІН де, өзің ҮШІН де, — дегенді талай рет қайталаған.
Әсілі «баланы — жастан» дегеннің терең мәні болса керек. Сәбидің ақ парақтай тап-таза санасына із сала, шынайы айтылған сөз әсерсіз қалмас екен.
Тілеулі күрсінгенді жек көретін. Себебі, әкесі кейде біреулерден ренжіп келсе, түнеріп отырып, қалың қабағы түйіле, ақ сары жүзі күреңіте қабарып, шекесінен шып-шып тер шығып, терең-терең күрсінетін. Елгезек Тілеулі жанын қоярға жер таппай, кішкентай жүрегі торғайдай тыпырлап, әкесінің бетіне жәутең-жәутең қарап, қарақаттай көзі боталай жасаурап, кірпіктері дымқылданып қалатын.
Тілеулінің бала шағында ЖҮЗ үйге жетер-жетпес шағындау ауылда қырық шақты бойжеткен, содан әлде көп, әлде жетеғабыл ақсақал бар еді. Отыздың ортасына жетер-жетпестен сақал-мұрт өсіргендіктен бе, әлде сол кезде адамдар ұзағырақ жасай ма, әйтеуір, той-думанда немесе азалы жиында қариялар мен соған өкшелестер самсап отыратын. Ақ сақал, буырылы мол көк сақал, шымқай қа¬ра сақал иелері жағалай малдас құра жараса отырып, баппен әңгіме-дүкен қыздырып, қауқылдаса жамырап, кеңкілдесе күлісетін еді.
Жастайынан әңгімеқұмар Тілеулі өзі ұнатқан соны сөз, әдемі әзіл, бірер шумақ өткір өлеңдерді табан асты жаттап алып, айтып жіберетін. Сондай құштарлық оны өзге балалар секілді доп, асық, шілдік ойынына емес, көпшілік жиналып әңгіме-дүкен құрысатын жерлерге жиірек жетелейтін. Елеусіздеу, босағаның арғы жағына жайғасып, үлкендердің әңгімесін тыңдау оны КҮН ұзаққа жалықтырмайтын.
Сонда аңғарғаны — мұның әкесі әңгіме, әзілді, тіпті өлеңді де жақсы айтады. Жұртты аузына қарата ұйытып алады. Бірақ... иә, бірағы, сол мұның әкесімен түйдей құрдас Сахан деген кісі ғана көп ретте іліп-шалып, келемеждеп күлкіге айналдырып, көкесін қызарақтатып, әзілмен омақастырып тастайды. Бұның жұдырықтай кішкене жүрегіне сондай сөздер қатты тиеді-ау, қатты тиеді. Босағаның ар жағында отырып, бұл әкесімен бірге қызарып, бірге бозарып, бірге терлеп-тепшіп, бірге мазақталып, бірге жеңіп, бірге жеңіліп отырар еді.
Саханның жеңер жері түптеп келгенде өзінің «алым» (ғалым дегені шығар), мұның көкесінің — «оқымаған надан» екендігіне келіп саяр еді.
— Ей, айында-жылында бір ақша алғанда жалғыз әріп жаза алмай, кәпір орыстың сотанақ «крест» белгісін қоятын адамның сөзінде қандай құндылық бар дейсіңдер? Біз сияқты алым адам болмаса, — дер еді әкесінің құрдасы.
Әкесі қызарақтап, жанарымен жер шұқып қалғанына талай рет куә Тілеулі.
Сондай жанға жағымсыз сәттерден соң:
— Қап, бәлем, гәптің бәрі оқуда екен ғой, көкесінің оқы,оқы дейтіні осыдан екен де. Хош, осыдан оқуға барған соң болсыншы. Әкесі ҮШІН де, өзі ҮШІН де, қайтыс болып кеткен әжесі ҮШІН де көзі ауырғанша, көкірегі «алымдыққа»толғанша оқымаса ма!
«А» деген әріпті бұларға Сахан Мырзанов үйретті. «Алым» ағай өте қатал екен. Сабақ білмейтін, таза жүрмейтін, ата-анасының тілін алмайтындар менің қас-жауым,
— дейтін ол кісі.
— Көзің-көз бе, жоқ бөстектің тесігі ме? — дейтін «алым» ағайлары әріп танымаған оқушыға.
— Басың-бас па, жоқ диқаншы өзбектің асқабағы ма? — дейтін есеп білмей, «қауашағы» жөнді жұмыс істемейтіндерге, Сталин атындағы 4 сыныптық бастауыш мектепте ҮШ қана мұғалім бар-тын. Оның директоры да, «забышы» да, жәй мұғалімі де «алым» ағай Сахан Мырзанов және екі апай. Төрт сыныптық қана білімі бар сол ағай бұларға 4 жылдық бастауыш мектепті «ойдағыдай» бітірткен.
Төрт сыныпты төрт мақтау қағазымен бітірген Тілеулі де, ҮШ пен төрті бидай мен миядай аралас Медет те кеңшар орталығындағы мектеп-интернатқа қабылданды.
Сенбі көкесі бұл кезде дүрілдеп, ауылдық Кеңестің төрағасы, яки директордан кейінгі екінші бастық болып, түкірігі жерге түспей тұрған. Алайда Тілеулі көпшілік отырған жер¬дей Сенбі көкесі туралы жағымсыздау КҮҢКІЛ-ШҮҢКІЛДІ де көбірек естіп қалатын. Желауыздар жеткізетін сондағы «ұзынқұлақ» әңгіменің ұзын-ырғасы мынадай.
— Мына жаңа келген кеңшар директоры қулау шығыпты. Бұрын қалқозға бастық болып келгендерді Сенбі шыдатпаушы еді. Өзі емес, ұйымдастырған «домалақ арызы». Сондағы ойы баяғы әкесі бастық болған қалқозға өзі егелік ету, Енді қалқоздар бірігіп, кеңшар құралып, мына жаңа келген бастық пәленің басы қайдан екенін біліп, ТҮЙІП келген қутұмсық білем, өзі мәселе көтеріп, Сенбіні ауылдық Кеңеске төраға сайлап отыр, — дейді білетіндер.
— Мұндай аты-шулы арызқой, қызыл көз бәлені жұмысқа жегіп, өгізге ұқсатып, өрге салып қойғаннан артығы жоқ депті, — дейді әлгі пысық директор. Енді Сенбі қыруар тірліктен тыным таба алмас, арыз жазбақ ТҮГІЛІ, қайта арызқойлармен айқайласып, жалақорлармен жағаласып, телі-тентектермен тайталасумен КҮНІ өтер. Ал, кеңшар директорының шаруашылық жұмыстарымен алаңсыз аиналысуына арқа-басы кеңейер дескен әлгі айтқыштар мен сәуегейлер.
Тілеулі мұндай әңгімелерді қанша жақтырмағанымен, көпшілік көңірсіте көп-көп айта берген соң, иланбасқа шарасы қалмады. Оның үстіне кейін орта мектеп бітіріп, өзі де ортан қолдай «адал» абитуриент, соңғы кезде айтылып, жазылып жүргендей «таза» талапкер атанып, жүрегі балғасын соққан бозбала кезінде көзі жете бастап еді көкесінің шынайы бет-бейнесіне.
Жазғы түнде Тілеулінің ауылындағылар нар, сәкілерге ұйықтайды. Шілденің жаңа түскен кезі еді. Ұйқысы сергек Тілеулі әлдебір әңгімелерден оянып кетіп, төсегінде жатқан қалпы, әлгі шыққан дауыстарға құлақ түрген.
Дауыс әкесінікі.
— Сенбіжан, — деді әкесі. Даусы жарықшақтана,көмескілеу шықты. — Әуелі Құдай, сонан соң сенгенім өзің ғой, ырым алды балам екені, Құдайдан тілеп алған Тілеулі екені де өзіңе белгілі. Оқуы жақсы. Мектебін ме¬даль дей ме, седаль дей ме, сонымен бітіргенін естідің. Айтпақшы, өздерің тапсырыпсыңдар ғой. Әлгі Медетті, Медетжанды «інжінердің» оқуына апарады екенсіңдер. Бір бала сыйған жерге екеу де сияр — біздің Тілеуліні де шылауыңа ілестіріп ала кет. Еңбегіңнің ақысын аларсың,төлеп беремін.
әкесінің ҮНІ жалыныштылау шыққандай естілді.
— Е, көке, енді қарап қалмаспыз, бірақ жұрттың қарқыны қатты, жаман ЖҮДӨ, айтсам сенбейсіз. Құлынды бие, боталы түйе дегендей (сіздің шамаңыз қанша дегені-ау).
Көкесі күмілжіңкіреп тұрды да:
— Мынау алтын жал айғырдың ақшасы. Бір тиынына тиген жоқпын. Мұрты бұзылмаған КҮЙІ тұр.
— Қанша?
— Алты ЖҮЗ.
— Аз. Өте аз, екі еседей аз.
— Бары осы. Басқа жоқ. Мына салып жатқан ҮЙДІҢ төбесін жапқызып, еденін салдырам ба деп ем. Ескі тамда отыра тұрамыз да, тек Тілеужан оқуға ТҮСІП кетсе... Ол бір төбе, басқа балдарым бір төбе, өзің білесің ғой.
Оқуға түсіру маусымының аяғында Медет «інжінер» оқуға іштей ТҮСТІ де, Тілеулі конкурстан өте алмай, кешкі бөліміне қабылданды. Онда да қабылдау комиссиясының төрағасы Қияңқиев ағай: — КҮНДІЗГІСІ не, кешкісі не, сырттайы не — бәрібір. Дипломдарыңда айырма жоқ. Қай бөлімде оқығаны жазылмайды. Басың болса, диплом аласың. Абай атаң мектепте үш-ақ ай оқып, айдалада жүріп, адам болып кеткен. Еще... қандай адам болған. Құжаттарыңды кешкі бөлімге өткіз. Кейін маған рахмет айтатын боласың, — деген ақылымен осы қадамға барған.
Сөйтсе, Сенбі көкесі «осы оқуға мен тұсірдім», — деп, бұның және әлгі Қияңқиев ағайдың еңбегін пайдаланып, қойып, баяғы алтын жал айғырдың алты ЖҮЗ сомын. бермей, сіңіріп кетуге айналды.
Әкесіне айтып еді, ол ойланып отырып, терең күрсінді. Тілеуліге тіке қарай алмай, көзін алысқа қадап тұрып:
— Қайтеміз, кетсе кетіпті де бір қылқұйрық. Алыс емес, ағайын адам ғой, — деді.
«Мұндай ағайыннан жат жақсы емес пе? Ең құрыса: — Уәде қайда, адал малым, ащы термен тапқан пұлым қайда? — дейсің ғой».
Көмейге кептелген осынау сөздерін Тілеулі әкесіне айта алмады. Алпыстан асқан, алтын жалынан айырылып, өмірдегі ең қызығы мен шырыны жас кезден бергі серігі — көкпардан қалған, қайрат қылар шарасы жоқ әкесін аяғандықтан, өзі де терең-терең күрсінгенін байқады. Шіркін-ай, қайта мектеп жақсы екен ғой, ол жерде кім жақсы оқиды, кім шахматтан, кім үстел теннисінен чем¬пион, кім әнші, кім көркем сез шебері — бәрі көптің көз алдында. Ешқандай жалған конкурс, блат, пара, жең ұшынан жалғасу, бармақ басу, көз қысу деген сұмдықтар жоқ.
Алтын ұям, асыл ұям — мектебім,
Сенде өтті кіршігі жоқ көктемім.
Сенен алдым бар жақсыны теп-тегін,
Саған деген ризалығым көп менің.
Мектептен түлеп ұшқандар текке тебірене жырлап, әдемі де әсерлі әнді бекерге шырқап жүрмес екен де. Әйтпесе, туған институтына арналды деген ән де жыр да есітіп көріп пе едіңіз?
Сол жылы бұлардың «інжінер» даярлайтын институтында бір оқыс оқиға болған. Баяғы қабылдау комиссиясының төрағасы Қиянқиев қияқы мінез танытып, тірліктен ши, тыныш жерден шу шығарған. Қабылданған талапкердің білім дәрежесі төмен. Көбі «аға-көке, таға-жәке, мәке-сәке», «жетектің» күшімен түскендер деп бір топ «ақ жүректер» БҮКІЛ төрт «С» бір «Р»дан түратын алып Отан, ұлы Отанның облыс, атқамінерлері мен Кремльдегі ел-жердің тұтқасы мен кіндігін ұстап отырғандарға хабарды шағым хат ретінде таратып жіберген, — дейді.
Осы жолы бір үлкен өзгеріс болар, обырлар осы жолы оңбас, армансыз асағандарын арам астай құсар, көбі темір торды құшар деген көпшіліктің «арам ойы» мен «есекдәмесі» жүзеге аспады. Көп қарғаға қарсы көтерілген топ қарға тоз-тоз болып итжеккенге ауа, үдере ұшып кетті. Топ қарғаның басшысы «Ақ қарға» Қияңқиев айрықша қара ниет қылмыскер, соның әсерінен ақыл есінен алжасқан, аузына келгенді оттайтын көк мылжың, жалақор «ши¬зик» ретінде жындыханадан қайтып шықпастай қамалып, кейін шынымен-ақ жынданып кетті.
Жоғарғы мектеп... Институт пен университетті солай атайды екен. Сол жоғарғы мектепте жоғарғы дәрежедегі жалғандық пен қиянат жасалады деп кім ойлаған?
Жалғандық емей немене? Он жыл үздік оқып, алтын медальмен бітірген Тілеулі «іштей» оқуға түсе алмайды да, орта мектепті орташа бітірген Медет ілігеді. Осы да әділдік пе? Жоғарыдағылар жоғары мектептің жоғарғы дәрежедегі жолсыздықтарын неге кермейді?
Орта мектепті орта бітірген Медеттен ертең орташа «інжінер» шығып, орташа үйлер салады. Жаман айтпай жақсы жоқ, ертең жер КҮШТІ сілкінсе, орташа үйлердің шаңырағы ортасына опырылып түспесіне кім кепіл? Соны ойлайтын, соған қабырғасы қайысып, жүрегі сыздап, ТҮН ұйқысы төрт бөлінетін жоғары лауазым иелері бар ма екен?
Жоқ, әлде жайлы орын, жүйрік көлік, қалың қыртысты қызмет көздің қызыл етін өсіріп, шел бітіріп, қарға адым жердегіні көруді мұң қылып қойған ба?
Тілеулі кейде кәусар бұлақтың түйе бойлау иірімдері сияқты терең-терең ой жылымдарына ТҮСІП кетіп, көрер таңды көзбен атыратын тұншығып. КҮНДІЗ жұмыс, кешкі 10-11-ге дейін оқу, бұғанасы бекімеген, қабырғасы қатпаған балаға қиын-ақ.
Тілеулі өзі алатын 140 сомның қырық сомын отыз күнге жеткізіп, қалған бөлігін жинай берді де, алты айдан соң, тұп-тура алтын жал сияқты атты әкесіне сыйға тартуға бекінді.
Жаңа ҮЙДІҢ төбесі жабылмаса жабусыз кетсін, ескі қоржын тамда отырып та аштан өліп, көштен қалмас, Ал, әкесінің сақал-шашы ағарған, тісі сарғайған, Тәңірден тілеп алған Тілеулісінің дардай жігіт шағында қатарынан кем сияқты, аяқ артарсыз қалуы намысқой бала үшін кешірілмес КҮНӘ сияқты көрінген. Есті бала бейсауат тірліктен, орынсыз бос қылжақтан, қыдырыс, думан сал-серілік, ерке сылқымдықтан бойын ада-күде аулақ ұстап, тып-тыныш тіке барып, тура қайтып, жұмыс пен кешкі оқуын ғана білумен жүріп, жарты жылда ер қанатына жететін қаржы жинап, әкесіне әкеліп берді.
— Әке, алғашқы табысым, алтын жалдан артық болса мейлі, кем болмасын, игілігіңізге мініңіз, — деді Тілеулі.
Өз қолыңнан келетін, қарақан басыңа ғана қатысты нәрсені ыждахат етсең, жүзеге асырасың-ау. Кісідегі тірліктің кілті аспанда екен дә. Кісі болғанда бөтен емес, туысқаны, ет жақыны, қаны бір аталасы.
— Әке, — деді бір КҮНІ, — мен Сенбіге барам, айтамын бәрін де. Ең құрығанда бетіне салық қып кетемін, біліп жүрсін іші. Ұйқысы азсын. Дөңбекшісін.
Ызалана ҮЗІП-ҮЗІП, қадау-қадау етіп қысқа қайыра қадап айтты.
Әкесі ҮНСІЗ қалды.
— Текке әуре боласың. Сағың сынады. Бір бұл деймісің, өмірі өстіп, жем етіп келеді. Ертеректе жеген қалқоз малын қойшы әкеңнің мойнына салып қан қақсатқан. «Ағайынның азары болса да, безері жоқ» — деп алдаусыратып қойып, білген, дәндіген тірлігін жасай береді. Сен оған таусылма. Құр босқа тауың шағылады, — деді анасы.
Не істеу керек? Сенбіге қылар дәрмені де, пәрмені де жоқ болғанмен, оның баласы Медет «Қолдағы қарағым» емес пе? «Көк алабас көрімді» көрсін. Білсін қандай болатынын нан табудың. Біреудің Үйінде жүрудің қандай екенін, көзтүрткі болудың қаншалықты «тәтті» екенін сезсін, сексен кіләлік оттегі баллонын «қырықтық» биікке шығару-дың қабырға қайыстырар, екі иықты майыстырар» қауырсындай «жеңілдігін» білсін! Білсін — КҮНІ бойғы алашапқын ауыр жұмыстан кейін төрт сағат қалғып-мүлгіп отырып лекция жазудың «рахатын»!
Қорлана, кектене КҮЙІП-ПІСІП, осылай ойлағанымен, әлі жетіп, таяққа жыға алатынына сенгенімен, жан баласына қаталдық та, қатыгездік те істей алмасын, біреуді, оның үстіне он жыл «тайқұлындай тебісіп» бірге өскен Медетті жәбірлей алмасын сезді. Ішімен, жан-жүрегімен ТҮСІНДІ. Басқа-басқа, балаң жігіт өзін, өзінің ішкі сарайы мен тән ағзасының қандай екенін білетін еді.
Бірде, сенбі КҮНІ