Төретайұлы Қабылбек

Туындылары


Қыз. Ару. Ана.

Ерте, ерте сонау ыһлым ғасырдан,
Бар құдірет Хауа-Анаға бас ұрған.
Құнды не бар асатұғын арудан,
Не бағалы Ана атты асылдан?

Қайран ару басатұғын күйікті,
Аяулы ару алдыратын биікті.
От пен суға, шың мен құзға салатын
Бар құдіретті аруларға жиыпты.

Қыздың сөзі ез жігітті Ер етер,
Қыздың көзі тәкаппарды жер етер.
Қыз байламы қан төгісті тоқтатқан,
Сұлу құны адам қанын сел етер.

Қыз көзінде Айдың уыз, ақ нұры,
Қыз сөзінде азаматтың тағдыры.
Ару деген ақ жаулықты Ана ғой,
Аналардың төгілмесін жаңбыры.