Эльмира Омарбекова

Туындылары


ҚОШ КЕЛДІҢ, АЙ-РАМАЗАН

Жүректерге иман беріп, қош келдің Ай-Рамазан
Оразаның отыз күні – қайырым келген Алладан.
Көкейге түй, құдірет бар, бойыңды тый жалғаннан,
Көп себеп бар күнаһарда, ойлан, арыл күнәдан.

Ораза-сен, бастаған таң, сапар ұзақ парызға,
Батамын деп, қорықпайсың, өтей алмас қарызға,
Тынығын-ай, ойлардың бар, тынышын-ай, жандардың
Аштық өзі шақырғандай, күш жинайтын сабырға.

Не деу керек, сөздің өзі- Құраннан тұр басталған,
Кезікпейсің, кешірмейтін, өкпелейтін тұс қалған.
Тәубеде тұр, сірә таңғы- дәмі, нәрі тоқтаған,
Мақсатына жеткен білсең, бір тамшы су жұтпаған.

Таң қаламын, таңданарым, сенің ізің бар қалған,
Пендешілік бір мезетке, басын иіп тоқтаған.
Өтіп кетті талай ғасыр, мұсылмандық-дін, аман
Етек ұзын, бас оралған жүзі ашық нұрланған.

Керек емес басқа бақыт, басқа дін де жан қиған,
Құдайшылдық, адамшылдық, имандылық бол аман.
Сәждеге бас қоятын күн, айнымаған құбылам,
Патша тағы, құқық-заңы, артық болмас парыздан.

Ораза жан аманат, қасиеті дарыған
Аман болсын, қатар тұрсын, жарымжан да қамыққан.
Қайырымдылық сұрамасын, баға қымбат, алтын тақ,
Ең керемет ойға иман- еге болсын, мұсылман.