Эльмира Омарбекова

Туындылары


ҚҰМ ДАЛАДА ӨССЕ ДЕ, ШӨЛІМДІ ОЛ ҚАНДЫРҒАН...
(БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР)

АТА МЕНЕН НЕМЕРЕ


Атасының тісі жоқ,
Баласының тісі жоқ.
Деп балажан әкешім,
Ойнап отыр бала боп.
Аймаласа тәттісің,
Уайымы жоқ, қарны тоқ.
Ата менен немере,
Балалар ма немене?!

Әкем отыр жасарып,
Бала бақыт рас анық.
Баласының баласы,
Болашағы қарашы.
Жұдырықтай жүрегі,
Қолында тұр біледі.

Бақыт деген осы да,
Ыңылдайды қосыла.
Алыстағы күндерді,
Жақындатты үндері.
Атасының баласы, -
Баласының баласы.
Шаттығына олардың,
Ешкімнің жоқ таласы.