Эльмира Омарбекова

Туындылары


ҚАЗАҚ ЖЕРІ


Топырағы ыстық күнге төселіп,
Шөл де, көл де, жатыр кеңге бөленіп.
Қарапайым тіршіліктің тірлігі
Тұрғаны жоқ ешбір жерде бөгеліп.

Көлге жайды қаз-үйрегі қанатын,
Суы шипа бұлақтар бар ағатын.
Өзен бойы тоған, тоғай, ағаштар
Тамырларын мәңгі өлмес жастын.

Көбелегі гүлге қонған айналып,
Дала-көктем, өседі жаз жайқалып.
Тауға берік қамалды күн соқтырып,
Батады кеш қолына жас ай алып.

Шөлде жатқан күндіз аптап тымырсық,
Өмір сүру жан үшін онда тым ыстық.
Табанымның астында жер-жаратқан,
Қазақ жері бағып жатыр тыныштық.