Қарауылбек Қазиев

Өмірдерек


      Қарауылбек Қазиев 1939 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы Шу ауданындағы «Қарабұлақ» ауылында туған. Орта мектепті ауылда бітірген соң, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факултетін бітіреді. Болашақ жазушы әуелі Жамбыл облыстық родио комитетінде жұмыс істейді.
      1969 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Оңтүстік Қазақсан Облыстық радио камитетінің бас редакторы болып қызмет істеді. Қ.Қазиевтың алғашқы әңгімелер жинағы «Ақ бантик» деген атпен 1968 жылы «Жазушы» баспасынан шықты.
      1974 жылы «Иманжапырақ» повесі үшін жазушы Қазақ КСР баспа полиграфия, кітап саудасы істер жөніндегі мемлекеттік комитеті. Қазақстан ЛКСМ Орталық комитеті және Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Жалынның» жабық конкурсында бірінші орынды иеленді. Оның бірқатар әңгімелері мен повестері орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шыққан.
      Қарауылбектің «Үркер», «Кемпірқосақ», «Ақшуақ», «Іңкар дүние», орыс тілінде «Подснежник» деген кітаптары бар. Қ.Қазиев 1989 жылы қайтыс болды. Жазушының атында Шымкент қаласында көше бар.Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта.



 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу