Есенқара Ханбибі

Туындылары


Ауырған сәт.

Өтеді өмір, қалады тек «әттеңі – ай»,
Мазаны алды- ауру – нәлеттер – ай!
Бір шыны шәй, бір ауыз жылы сөзді,
Әлдекімнен көңілдің дәметкені – ай !

Жарымды да осы сәт ойлап алам,
Қалмайтыны белгілі, тойдан аман...
Жастық шақтың қызығын бірге көріп,
Жарға итеріп кетер деп, ойламағам !

Жүруші еді адамдай жаны ашыған,
Жаңылғаны, неткені, тобасынан ?
Тұрақсыздық – салты екен, о басынан,
Түседі ме, алма ұзап, ағашынан !

Қызу – меңдеп ,денемді дірілдетіп,
Күнім батып барады, түнім де өтіп...
Бауырларым, балалар , қайдасыңдар,
Бірің келіп жататын, бірің кетіп ?!

... Өлеңдерім – ел – жұрттың қошы болды,
Қыздарым - бір – бір ердің досы болды.
Қайран ақын, бүк түскен,кешір енді,
Маңдайыңа жазылған, осы болды !!!