Есенқара Ханбибі

Лебіз


Тәуелсіз еліміздің ақыны Ханбибі Есенқарақызының поэзиясы өзінің өткірлігімен, лиризмге толы нәзіктігімен, астарлы ойымен, философиясымен құнды.

Әбілда Аймақ



«Ханбибі Есенқарақызы өмірде де,өлеңде де бірдей.Өмірдегі өткірлігі оның
жырларына өзгеше мағына беріп,ерекше әрлендіріп тұрады.Өмірде өлеңі бір
бөлек,өзі бір бөлек ақындар да бар.Шын ақын олай ете алмайды.Ендеше Ханбибі нағыз поэзияның үлкен өкілі».

Әбілда Аймақ



«Сөз жоқ,Ханбибі-сой ақындарымыздың бірі,үлкен ақындарымыздың бірі.Ханбибі-арбасудың ақыны.Ханбибі-бал мен удың,қайғы мен қуаныштың,жамандық пен жақсылықтың,биік пен төменнің,жасық пен батырдың бір-бірімен ұстасатын,қилы кезеңдердің қәтерлі сәтіндегі құбылыстарды ұстап алатын,мұз бен шуақтың ортасында жүретін,бір жағы мұп-мұздай,бір жағы жып-жылы болып тұратын қуатты ақын».


Темірхан Медетбек



Ханбибінің ақиқаттың уытына оранған өлеңдерін тыңдағанда, аза бойың қаза болады.


Ж. Аман



Ханекең Қаратауда өсті. Алатауды аңсады. Ақтау – атажұрты. Осынау киелі үш таудың қасиетін бойына сіңірген қыз.

К. Әмірбек



Ханбибі – оңтүстік өңірінің ғана ақыны емес, түркі тілді ұлттарға белгілі, әсіресе, өзбек, қырғыз бауырларымызға танымал, тонның ішкі бауындай жақын тартатын ақын.


Д. Исабеков



Ханбибі Есенқарақызы қазақ поэзиясындағы санаулы ақын қыздардың алдыңғы қатарында келеді.


Ә. Қалмырзаұлы



Әдебиет майданына 70-жылдың орта шенінде балауса да балғын жырларымен келген Ханбибі Есенқарақызы бюүгінде өзіндік үні мен әуені бар, кең тынысты кемел ақын екенін әр тұста байқатып, оқырманды үйіре түсуде.

Қ. Сейданов



Ханбибі – қай уақытта да өзінің уақытына үн қоса білген адам. әсіресе, соңғы кездері жазып жүргендері – бүгінгі күннің қадір-қасиетін, қасірет-мұңын жырлайтын, күйлі де мұңлы һәм сырлы өлеңдер.



С. Тұрғынбекұлы



Ол ақын ғой, періште ғой ендеше,
Сенбегендер өзі білсін сенбесе.
Адамға да, Аллаға да аян ғой,
Өмір сүре алмайтыны пендеше...


И. Сапарбай



Ханбибіні ел іздеп жүріп оқиды. Азаматтығы асқақ ақын қарындасымның поэзиясы қазақпен бірге мәңгі жасай беретініне кәміл сенемін. Классикалық өлеңдердіңшығармагері Ханбибі Есенқарақызы – қазіргі поэзиямыздың бет-ажары десем, қателеспеймін.



Қ. Сарыбаев



Ханбибі «Найзағайлы түн» деген өлеңін :


«Дірілдетіп , дүбірлетіп көк белді,

Нөсер алып келе жатты көктемді .
Ару аспан асығыстау көктейді
Алтын жіппен жыртық қара шекпенді, » -
деп бастапты. Адал шыным , мен осы өлеңді өзім жазбағаныма өкіндім. Бір шумақ өлеңде қанша эпикалық қуат , көркем сурет бар. Алтын жіппен жыртық бұлттарды көктеу – табиғат құдіретінің, табиғаты қуатты ақынның ғана қолынан келеді ...


Әбілда Тәжібаев,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
Халық жазушысы.



Қазақ жыры кіріспесі Бұқар жыраудан басталатын үлкен бір том болса, Ханбибінің ақындық творчествосы сол алтын әріпті томның айшықты бір беті деуге әбден болады.


Фариза Оңғарсынова ,
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , Халық жазушысы , қоғам қайраткері



Ханбибі жырлары өз құрбыларының қазіргі дарқан, өжет қыздарымыздың махаббат сырын, еркін сезімін, қиял арманын батыл меңзейді .



Қалижан Бекхожин ,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы.



Ханбибі – ерекше дарын иесі. Не айтса да жүрегімен айтады. Өзін туған халықтың жайсаң , жомарт, қайсар табиғатын бойына жинамаған адамнан
үлкен ақын шықпайды. Ханбибіде халық байлығын игеруге деген іңкәрлік бар. Осы іңкәрлігі суымаса, бұл қыз өте алысқа баруы тиіс.



Мұхтар Шаханов,
Халық жазушысы , Түркі әлемі халықаралық сыйлығының лауреаты



Сен шыққан биік жоқ әлі ,

Сен шықпақ биік жоғары.
Қайралмай жатқан жас талант

Қиып түссем деп соғады.


Төлеген Айбергенов

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты.



Ханбибі Есенқараева - талантты ақын , адал дос, мейірімді ана . Осының бәрі оның адамгершілік қасиетіне жарасып , үндесіп тұрады.



Мариям Хакімжанова,
Қазақстанның халық жазушысы.



Ханбибі – шын мәнінде талантты, нағыз ақын. Оның кейбір өлеңдері хрестоматиялық өлең .Заман ағымын , қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды тартынбай, жалтақтамай жазады.
«Той болады ,дүрілдеп , той болады,

Киіз үйге толтырып айналаны
Сол ауылдың баласы батыл сөйлеп ,

Сол рудың ақыны бәйге алады.


Өтірікке шындықты ұрғызады,
Көңіліңді көп жайға бұрғызады.
Дай-дай болып бөлінген рушылдар
Бір ауылға үш мешіт тұрғызады ».
Бұл да таныс факті ! Ендеше ақын өлеңін оқиық !


Қайрат Жұмағалиев.



Біздің поэзия жақсы ақындар мен жақсы өлеңдерге ешқашан кенде болып көрген жоқ . Қазір де солай . Жігіттерімізді былай қойғанда , балауса қарындастарымыз Гүлнәр Салықбаева , Ханбибі Есенқараевалардың лирикасы мені қатты тебірентеді....


Әбіш Кекілбай,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық жазушысы,қоғам қайраткері.



Гүлзия ананың өмірінде халқымыздың тарихы тұнып тұр. Сол тұнған тарих Ханбибінің жүрегінен қуатты жыр болып қанат қағуда.

Б. Оспан



Ханбибі «Бір атаның баласы» болудан асқақтап, барша елдің қызына айналып кеткелі қашан...



Әділхан Сұлтанбеков
еңбек ардагері





 

http://kalamger-uko.kz

Бастапқы бетке оралу