Сатыбалды Дулати

Туындылары


Ақындарға аманат сөз өнері
Сөз өнері - өмірдің өзегі еді...
Содан да азабына төзер еді,
Ақын адал болмаса сөз өледі.



Кешқұрым,еліміздің бек төрі
Сарыарқада беті күшті ызғардың.
Албырайды аяз суйген беттері
Көшедегі астаналық қыздардың.



Елдің сыны жүзі ғой деп өткірдің
Алдымызға ақ жарылып кеп тұрмын
Қанаты асып тұрған өмірден,
Қалған белгі – көңілдегі көп кірбің



Бір әдемі оймақ тұрған ернінде,
Хас сұлудың кірпігінен оқ жонған.
Алаң болғам ойда жоқта көрдім де,
Айнымаған қиялдағы Тоқжаннан



Таудағы жаз ! Шіркін – ай,таудағы жаз!
Лаула гүлдер, ақ жауын жаума біраз!
Жадыраған жайлаудың аумағы мәз,
Салқын белде салқын жел сауғаны наз



Қоштасқан жылдар – бозбала,
Дертімді енді қозғама
Қалғаны сенен наз ғана
Наз қалды менен аз ғана