Бегалиев Нармахан

Асыл сөз


Албырт шағыңда ақыл құсының адаспай аспандауы екіталай.



Махаббат деген құбылыстың құпиясына апарар жол өте ұзақ. Ең алдымен, жан тазалығы, имандай илану, ұнату, сүйіну, құмарлану, құштарлану, ғашық болу, үрдісінен мүдде бірлігінен, жұмақтай жайнаған ішкі үйлесімнен, мен білмейтін басқа да баспалдақтардан өтіп барып, махаббатқа жетесің.



Шынайы махаббат – құрбандықты талап ететін орнықты, тұрақты нәрсе.  Мәселен, Алла дидарына Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың ғашықтығы сол деңгейде – екі аяқты пенденің кез келгеніне бұйыра бермейтін рухани байлық. Кейде оған тұтас ғұмырымыз мұршасыз. Кешегім – келместе, келешегім – белгісіздіктің бесігінде, мүмкіндігім де, қуанышым да, бақытым да – бүгінде.



Кешегім – келместе, келешегім – белгісіздіктің бесігінде, мүмкіндігім де, қуанышым да, бақытым да – бүгінде.



Поэзия – Тәңірдің өзі таңдаған әулие жанр.



Көбелек қанатының дірілімен, Қиялда тербетілген бір ұлың ем.



Көксеген ем,
Көк нөсер төксе деп ем.
Уақыт кетіп барады көк асфальтта,
Көк тамшы боп бір-бірін өкшелеген.



Поэзия халық өмірінің ажырамас бір бөлігі.Сондықтан поэзия біздің ұлтымыздың болмысын ұстап тұру үшін қажет.



Мені тәрбиелеген фольклор, ауыз әдебиеті. Фольклор- халық даналығы. Мен осы халық даналығынан халықтық сөз саптауын үйреніп өстім. Мені өсірген нәрсе осы.



Мүмкіндігінше әр адамды жақсы көруге тырысу керек. Өйткені әр пенде Алланың туындысы. Алланың жетілдіріп жасаған туындысы.Мұны Абай айтып кетті ғой «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...». Әр адамға бауырым деп қарау керек. Егер жек көретін нәрсенің өзінде ой әлеміңізде көп ұстамаған жөн деп ойлаймын. Өйткені, жек көрінішті нәрсенің де сізге әсері болады. Болмысыңызды бұзуы мүмкін. Жеккөрінішті адамға бас имей тұрған Ібілістің амалы.Мен оттан жаралғам, бұл топырақтан жаралған деп кердеңдеп басып кетуі.Сондықтан Ібілістік қылыққа бармау керек. Мүмкіндігінше ойыңызды таза ұстасаңыз сол бақыттың үлкені.



1  2